Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ІНЖУ-МАРЖАН СӨЗДЕРІ «Қайда жүрсең де Ал | ұстаз Ерсін Әміре

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ІНЖУ-МАРЖАН СӨЗДЕРІ

«Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»

«Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер! Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!»

«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйішпеншілік оянады».

«Шынайы мұсылман - өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»

«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер»

«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын!»

«Кімде-кім Аллаһ ризалығы үшін кішіпейіл болса, Аллаһ тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім тәкаппарланса, Аллаһ тағала оның дәрежесін түсіріп, қор қылады».

«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер - Қиямет күні шейіттермен бірге болады»

«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейі-рімдік танытпаған адам бізден емес».

«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».


МАКТУБАТ - ДІНИ ОНЛАЙН КІТАПХАНА