Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-01-20 11:54:33 ІІІ-бап. Сабыр ету


12-хадис (жалпы реті 33)


وعن عائشة رضي الله عنها أنها سألت رسول الله صلى الله عليه وسلم عن الطاعون، فأخبرها أنه كان عذاباً يبعثه الله تعالى على من يشاء، فجعله الله تعالى رحمة للمؤمنين، فليس من عبد يقع في الطاعون فيمكث في بلده صابراً محتسباً يعلم أنه لا يصيبه إلا ما كتب الله له إلا كان له مثل أجر الشهيد‏"‏ ‏(‌‏(‏رواه البخاري‏)‌‏)‌‏.‏

Айша (Алла оған разы болсын) айтты:
Мен Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) індет туралы сұрадым, ол:
«Бұл Алланың қалаған құлына жіберетін азабы, бірақ Алла оны мүміндерге мейірім етіп қойды. індет Алладан сауап күту арқылы сабыр ету және оған Алланың алдын ала жазғанынан басқа ешнәрсе келмейтінін білгенде, ол шахид сауабын алады».

Бухари
965 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2023-01-20 11:53:30 Бақара сүресі | 121-аят

الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَتْلُونَهُ حَقَّ تِلَاوَتِهِ أُولَٰئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۗ وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ


Қазақша мағынасы:

Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.

Тыңдаймыз және бөлісеміз

http://t.me/yersin_quran
919 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2023-01-20 07:35:01 Тамақ жеу әдептері

Біріншіден, тамақтың адал болуы. Адал жолмен тауып, жеуге рұқсат етілген ас болуы керек. Халал ас жеу - парыз әрі әдеп болып саналады.

Екіншіден, тамақтың алдын қол жуу.

Үшіншіден, тамақ жегенде әдеп сақтап отыру. Жатып, шалқайып жеуге болмайды.

Төртіншіден, тамақ жегенде жақсы ниетте болу. Осы тамақ арқылы күш-қуат жинап, Аллаға құлшылық жасайын деп ізгі ниет етсеңіз, тамақ ішкеніңіз сауапқа айналады.

Бесіншіден, тамақты тойып жемеу.

Алтыншыдан, бар тамақты қанағат тұту. Азық болар тамағыңыз болса, одан тәттісін, дәмдісін іздеуге тырыспаған дұрыс. Бар тамақты шүкір етіп жеу керек

Басқа да тамақ жеудің әдептері туралы дәрістен тыңдап, пайда алыңыз.

БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ
1.4K views04:35
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 12:11:40

398 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-01 19:27:43 - дәріс: Алланы зікір етпек болған адам, өзін қандай халде ұстауы керек. (Жатып зікір етуге бола ма?!)

Имам Нәуәуи (рахимаһулла):

- Алланы зікір етпекші болған адам, сондай бір кемел сипатта болуы керек.
1. Құбылаға қарап отыру
2. Басын төмен түсіру
3. Салмақтықпен, кішіпейілдікпен отыру. Осы кітаптың шархында имам ибн Ъаллән (рахимаһулла) айтады:
- Біздің ғұламаларымыз айтқан, зікірде ең абзал отыру, ол - тәуәррук (бір жамбасты жерге қойып, сол аяқты оң аяқтың балтырына қойып отыру). Екіншісі - ифтираш (аяқты төсеп отыру, тәшәһһудте отырғандай). Жалпы, басқаша отырып та зікір етуге рұқсат етіледі. Үзірсіз жатып зікір етсе, абзалын тастаған болады. Бірақ мәкрүһ емес. Мәкрүһ еместігіне дәлел:
Алла Тағала Құран Кәрімде:
"Шын мәнінде, аспандар мен жердің жаратылуында, күн мен түннің ауысуында, ақыл иелері үшін белгілер бар. Енді олар (ақыл иелері), тұрған халдерінде, отырып, жатқан халдерінде Алланы зікір етушілер".
Демек, жатып зікір етуге болады.
728 views16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 14:25:25 “Тазалық иманның жартысы” деген хадисті “дәрет пен құйрық тазалау” төңірегінде түсініп жүргеніміз рас қой…

Жүрек тазалығы, көңіл тазалығы, асқазанның харам астан тазалығы туралы ойланып көргендер бар ма…?

Әпендінің әңгімелері | Жазылыңыз
531 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 14:01:19 Келесі бап: Жүрекпен және тілмен зікір етудің абзалдығы.

Алланы зікір ету - жүрекпен және тілмен болады. Ең абзалы - жүрек пен тілдің бірдей зікір етуі.
Мысалы, бір адам тек жүрекпен зікір етеді. Бір адам тек тілмен (ойы басқа жақта) зікір етеді. Абзалы - жүрекпен және тілмен зікір ету.
Ал екеуінен біреуін таңдау керек болса, онда жүрекпен айтылған зікір - абзал.

Сондай ақ, " мені адамдар рия жасап жатыр деп ойлап қалмасын"- деп, тілмен зікір етуді тастап қоюға болмайды. Керісінше, тілімен де, жүрегімен де зікір етуі керек. Және мақсатын - Алла разылығы етуі керек. Адамдар үшін амалды тастау - рия, адамдар үшін амалды істеу - ширк, - деген Фудайль ибн Ғиядтың сөзін келтірген едік.

"Жұрт мені байқайды. Жұрт мен туралы рия жасап жатыр деп ойлап қалады", - деп амалдың бәрін тастай беретін болса, онда көптеген сауапты істердің есігі жабылып қалады. Және дінде маңызды болған көптеген амалдарды адам жоғалтып алады. Ал бұл - Алланы танығандардың жолы емес.

@yersin_azkar
1.1K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-12-23 08:57:11 Алла Тағалa намазға сондай күш - құдірет беprен. Мысалы: жаңбыр жаумай қалса, бұлттардың барлығын бiр жерге әкеліп, жаңбыр жаудыратын бiрде - бiр аппарат жоқ. Бірақ жаңбыр жаyдыру үшiн оқылатын Истисқа намазы бap. Kүн тұтылып қалса, оны ашатын бiрде - бiр аппарат жоқ. Бірақ тұтылып қалған күнді ашу үшін оқылатын Кусуф намазы бар.

Ерсін Әміре

МАКТУБАТ - ДІНИ ОНЛАЙН КІТАПХАНА
1.3K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-19 09:52:15 Имам Нәуәуи айтады:

- Егер адамға сауапты істерден (парыз емес) бірнәрсе жететін болса, өмірінде бір рет болса да соны істеуі керек. Соны істеушілердің қатарынан болуы үшін. Және мүлдем тастап қоюға болмайды. Қолынан келгенше істеп жүруі керек.

Мысалы, сіз Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір жағдайда 
(ұйықтарда, үйден шыққанда, т.б) айтқан зікірлерін бір кітаптан оқыдыңыз. Оқып жатып, бір рет болса да айтуыңыз керек. Алла Тағаланың, "зікір етуші ерлер мен әйелдер" деп сипаттағандардың қатарынан болу үшін.

@yersin_azkar
1.4K views06:52
Ашу / Түсініктеме