Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-12-17 13:38:10 Құран оқудың мөлшері туралы

Сахаба, табиғиндердің Құранды бір күнде, бір намазда толық оқып хатым еткені туралы хабарлар келеді. Ғұламаларымыз бұл оларға Алланың берген кәраматы дейді. Жай уақытта Құран оқитын болсаңыз, оны бір намазда, бір түнде бітіру өте қиын. Алла Тағала ол кісілердің уақытына сондай береке беріп қойған.

Біз қазір уақыттың берекесін сезінбейміз. Таң атып, күн батып жатыр. Алдыңғы ғалымдарымыздың жазған еңбектерін өміріне шаққанда күніне 9 беттен келген. Имам Науауи рахимаһуллаһ 45 жыл өмір сүрді. Бірақ артында қалған еңбектерін сол өмір жасына сыйғызу қиын. Алла сүйікті құлдарына сондай береке беріп қояды.

Адам күніне ең болмағанда 1 пара Құран оқуы керек. Намазда оқыңыз, жаттамаған сүрелерді кітапты ашып оқыңыз. Солай бір параға толықтырып оқуға тырысыңыз.

Ерсін ұстаздың дәрістерінен
238 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 10:20:39
678 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-12-15 21:54:38 Сәләфилер үшін ең жаман ұйқы - түсінде Ерсін ұстазды көру
389 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 09:08:14 Бақара сүресі | 116-аят


بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَإِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ

Қазақша мағынасы:

Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады.

Тыңдаймыз және бөлісеміз

http://t.me/yersin_quran
283 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-12-11 16:26:10 ​​Марокко құрамасының кешегі жеңісінен кейін әлеуметтік желіде көзім шалған бір-екі жазбаға қатысты пікір білдіргім келіп отыр.

1. Жазба иесі “Португалия құрамасын мұсылмандардың дұғасы сындырып тастады” депті.

Бауырлар, дұғаның әсерін, дінді спортқа тықпаштауды доғарайық!

Ертең аргентиналықтардан немесе хорваттардан жеңіліп жатса “Марокко құрамасын христиандардың дұғасы сындырып тастады” деп пост жазамыз ба?!

Әлде Тунис, Саудия құрама командалары поляктардың, мексикалықтардың дұғасы басым келіп жеңіліс тапты ма?
Түріктер бразилиялықтардан, саудтар немістерден жеңілгенде ше?
Футболды діндер, құдайлар соғысына немесе жарысына айналдырудың қажеті жоқ! Бұл біріншіден

Екіншіден, ойын болған соң екі мұсылман елі де ойын алаңында кездеседі. Ол кезде не дейсің? Мына мемлекеттің ақидасы мықтырақ, екінші мемлекетте бидғатшылар көп сол үшін жеңіп кетті дейсің бе? Бір елдің ішкі жарысында, клубаралық жарысында не дейсің?

Үшіншіден, “мұсылмандар дұғасымен жеңді” деп айтатындай қолыңда "мұсылмандардың дұғасы қабыл болды" деген анықтама бар ма? Алла Тағала біреудің дұғасымен жеңіс берді ме әлде бір хикметпен тағдырда солай жазды ма біз білмейміз.

Дұға жасама демеймін. Шариғатта рұқсат етілген нәрсеге дұға жасауға да рұқсат. Бірақ "мұсылмандардың дұғасы сындырып тастады" деп айту артық.

2. Тағы бір жазба иелері бұл жеңісті “кезінде өзін отарлаған елдерге кеткен есені қайтарумен тең” деген екен.

Біріншіден, спортпен кек алынбайды. ФИФА басшылығы "Футбол халықтарды біріктіреді" деп ұран тастауда. Оны кек алу алаңына айналдырудың қажеті жоқ.

Екіншіден, Алла тағала Құранда "Адам басқаның күнәсін арқаламайды" деген.
Алаңда жүрген ойыншылар отаршылардың өзі емес.

Үшіншіден, мұсылмандарды қозғайтын күш "кек алу" емес, әлемге ақиқатты, Ислам нұрын жеткізу принципі болу керек.

Төртіншіден, Марокко біраз елдерді кезінде отарлаған Франциямен немесе Германия құрама командасымен жолықты делік. Аталмыш елдердің құрама командасында ойнап жүрген Осман Дембеле, Месут Озил сияқты ойыншылардан қалай кек алады?

Бесіншіден, мұсылман елдеріндегі кез келген футбол ойыншысының арманы Англия, Франция, Германия, Испания сияқты елдердің әлемге танылған футбол клубтарында ойнау екендігін ұмытпайық!

Марокко ойыншыларының басым көпшілігі де сол "отаршыл елдердің" клубтарында ойын көрсетеді. Ертең мундиаль біткен соң олардың әрқайсысы өз клубына нанын тауып жеуге оралады және клубаралық кездесулерде бір-біріне қарсы ойнайды.

Негізінде кез келген осындай ойындарда артық кетуіміздің, эмоциямызды игере алмай қалуымыздың, мұсылмандар жеңсе құдды Салахуддин Әюби крест жорықшыларынан Құдсты тартып алғандай сезімге бөленуіміздің артында ішкі комплекс жатыр.

Ақиқатына келгенде бір елдің екінші бір елден артық болуы ғылымда озық болуымен, техникалық дамуымен, елдің экономикалық жағдайымен, ішкі тұрақтылығымен, моральдық құндылықтарымен өлшенеді.
Футболмен немесе бокспен емес

Айта кететін дүние, марокколықтардың әрбір жеңісті ойыннан кейінгі іс-әрекеті, кей ойыншылардың анасына құрмет танытуы, сөзсіз, көз сүйсіндіреді.

Әлбетте, мұсылманның қуанышы біз үшін де қуаныш. Біз де мағрибтықтардың әлемдік мундиальда топ жаруына шын жүректен тілектес екенімізді білдіргім келеді.

ұстаз Ерсін Әміре
1.7K views13:26
Ашу / Түсініктеме
2022-12-10 17:46:12 Намазда бізге Құбыладан басқа жаққа бұрылуға болмайтыны сияқты, жүрегімізде Алладан басқа ойларға бұрылып кетпеуі керек.

Ерсін ұстаздың дәрістерінен
1.1K views14:46
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 16:46:06 Амалдарды жүректен шықпағаны, ықыласссыз болғаны үшін тастау.

1. Әрбір атқан таң айтады..
2. Истиғфар қажет ететін истиғфар: жүректен шықпайтын зікірді тастаудың мысалы.
3. Хәлге байланысты амалдар салыстырмалы түрде жақсы да жаман да бола алады.
510 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 05:54:20 Жаттау қабілеті жайында

Имам Бухари таң қалады екен,
- Қалай осы адамдар жаттаған нәрсесін ұмытып қалады. Жаттау қабілеті деген шкаф сияқты ғой. Бірнәрсені ішіне қоясың, керек кезде ашасың да, аласың.
Біз қазір қалай жаттайды, қалай ұмытпайды деп таң қаламыз.
Негізі, біздің қазіргі уақытта ұмытуымызға себеп болатын нәрселер көп. Мысалы, көшедегі ашық-шашық көріністердің барлығы жаттау қабілетіне әсер етеді. Сосын телефон, диктофонға арқа сүйеп отырамыз. Бұрынғы уақытта ондай болмаған. Сол үшін ол мұқият тыңдап отырады.
Жаттау қабілетін күшейтетін ең үлкен нәрсе - ол, жаттай беру. Сіз жаттаған сайын, жаттау қабілеті күшейеді. Одан шаршамайды, әлсіремейді.
Жаттау қабілеті, ол, кәдімгі күрек, кетпен сияқты нәрсе. Сіз онымен жер қазған сайын, жылтырайды, тазаланады. Ал, сіз оны қойып қойсаңыз, оны тат басады. Жаттау қабілеті де тура солай. Сіз оны қанша пайдалансаңыз, ол соншалықты мықты болады.
   Біз қазір барлық нәрсені телефонға сақтап қоямыз. Диктофонға сенеміз. Видеоға сенеміз. Сол үшін жаттау қабілетін пайдаланбаймыз. Пайдаланбағаннан кейін де, ол әлсірей береді.
Сол үшін де, Құран жаттаған кезде, басында қиналып жаттайды. Біраз паралардан өткеннен кейін, жаттау қабілеті күшейеді де,  сонымен көбірек Құран жаттай алатын болады.

@yersin_azkar
1.2K views02:54
Ашу / Түсініктеме