Get Mystery Box with random crypto!

Кім Алла Тағаламен шыншыл болса, Алла Тағала оны һидаятқа баст | ұстаз Ерсін Әміре

Кім Алла Тағаламен шыншыл болса, Алла Тағала оны һидаятқа бастайды. Оған жәрдем береді.

Кім Алладан басқаға өзін әдемілесе (пенделердің арасында әдемі болып көрінгісі келсе), Алла Тағала оны масқаралайды.

Кім Аллаға тәуекел ететін болса, Алла оған жеткілікті.

Кім Алладан басқаға сенім артып, жүрегін байлайтын болса, Алла Тағала оны жек көреді.

Кім Алладан қорықса, Алла оған амандық береді.

Кім Аллаға шүкіршілік етсе, Алла Тағала оған тағы да артығымен береді.

Кім Аллаға итағат етсе, Алла Тағала оны ардақты етеді.

Кім Алла Тағаланы басқа нәрселерден артық көретін болса, Алла Тағала оны жақсы көреді.
Ал кімді Жаратушысы жақсы көрсе, ол жеңіске жетеді.

ұстаз Ерсін Әміре дәрістерінен