Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСТАРЫНА САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ? Ж | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСТАРЫНА САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығарда сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақының көлемінде белгіленеді.

Кәсіподақ бұл мәселе бойынша нақты түсіндірмелерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялаған.

ҚР Еңбек кодексінің 139 б. 10 т. сәйкес, азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақысы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Педагогтерге ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы белгіленген.

Осы тұста, лауазымдық айлықақы (ЛА) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысының 3 т. 2) тармақшасына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына қарай (жұмысшылар үшін) ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтардың жекелеген санаттары үшін ЛА бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Осылайша, жалақының негізгі бөлігі есептеледі, оған еңбекақы жүйесінде қарастырылған үстеме мен қосымша ақылар кірмейді және де, ол қызметкердің шын мәнінде, лауазымдық айлықақысы болып табылады.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты, егер оқу жүктемесінің 0,5 көлемінен аспайтын мөлшері қоса атқару жағдайында еңбек шарты негізінде орындалса, оларға лауазымдық айлықақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы төленеді.

Айта кету керек, жалпы қағида бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 1 б. 56) тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты,ақысы төленетін басқа жұмысты орындауы.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk