Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда қандай пәндер бойынша және қай жерде педагогтар же | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Қазақстанда қандай пәндер бойынша және қай жерде педагогтар жетіспейді?

Қазақстандық оқушыларды 338 мың пән мұғалімдері оқытады, бұл екі жыл бұрынғыдан көп, бірақ кадрлар әлі де жетіспейді.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті елдегі педагогтарға деген қажеттілік 3 620 адамды құрайтынын хабарлады. Қалаларда кадр тапшылығы біршама жоғары - 1896, ауылдарда 1724.

Пәндер бойынша педагогтерге қажеттілік:

орыс тілі мен әдебиеті - 844;
бастауыш сыныптар – 536;
математика - 532;
ағылшын тілі – 344;
физика – 177;
информатика-166;
химия – 154;
тарих – 126.

Әзірге тапшылық мектеп ішіндегі мұғалімдер арасындағы сағаттарды қайта бөлу есебінен жабылуда.

Мамандар жаңа нормативтік құқықтық акттер жағдайды түзетуге көмектеседі деген сенімде. Мұғалімдерді нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес конкурстық негізде алу енгізілді.

"Қолдау шараларының тиісті пакетімен, үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасын іске асыру жоспарда бар. Үздік мұғалімдер білім беру сапасына деген үлкен қажеттілгі бар алшақ аймақтарға тартылады. Мұндай педагогтарды тарту үшін өлшемшарттар әзірленетін болады. Сондай – ақ, педагогтарды басқарудың бірыңғай электрондық жүйесін құру жоспарда бар", - деп жауап берді оқу-ағарту министрігінде.

Педагогтарды қазірдің өзінде лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде қосымша ақымен ынталандыруда. Сонымен қатар, мектептерге тарту үшін жоғары оқу орындарының үздік түлектерін анықтау да жоспарда бар.

Мұғалім тапшы аймақтарға, қосымша ақы алып, барасыз ба? Ойларыңызбен комментарийде бөлісіңіз

 
Білім туралы үздік арнаға жазыл
https://t.me/ustazdarrkk