Get Mystery Box with random crypto!

Колледж педагогтерінің назарына! Бүгін Техникалық және кәсіпт | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Колледж педагогтерінің назарына!

Бүгін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде қызмет ететін педагогтердің лауазымдарымен таныстырамыз.

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес колледжде келесі лауазымдар белгіленген:

- Ұйым басшысы (директор)
- Басшының ғылыми немесе оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
- Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары
- Әдіскер
- Бөлімше меңгерушісі
- Оқу бөлімінің меңгерушісі
- Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі нұсқаушысы (басшысы)
- Оқытушы
- Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы
- Психолог, педагог-психолог
- Өндірістік оқыту аға шебері
- Оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі
- Өндірістік оқыту шебері
- Жатақхана тәрбиешісі
- Педагог-ассистент
- Әлеуметтік педагог
- Педагог-ұйымдастырушы
- Жастар ісі жөніндегі инспектор
- Оқу-әдістемелік бірлестіктің әдіскері

Қандай лауазымға жеке тоқталып, толығырақ жазу керек деп ойлайсыздар? Ойларыңызбен комментарийде бөлісіңіз.
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk