Get Mystery Box with random crypto!

Егер педагог 1 қыркүйектен жаңа мектепке жұмысқа шықса демалыс | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Егер педагог 1 қыркүйектен жаңа мектепке жұмысқа шықса демалыс ұзақтығы қандай болады?

Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес педагогтерге ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі.

Алайда, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды және 91-бабының 1-тармақшасы негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде нақты жұмыс істелген уақыт ескеріледі.

Сонда, 1 қыркүйекте жұмысқа орналасқан педагог 1 маусымға дейін тек 9 ай жұмыс істесе, оның еңбек демалысы 42 күнге тең бола ма? (56 күн / 12 ай = 4,66. 9 ай*4,6=42 күн).

Жоқ, өйткені, 2021 жылдың 1 ақпанында Білім және ғылым министрлігі мен кәсіподақтар арасында Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойылды.

Сол келісімнің 6.9 тармағына сәйкес - Тамыздан бастап қазан айының аралығында жұмысқа қабылданған педагогтарға оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлердің тиісті санаты үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ұзақтылықта алдын ала (яғни, аванспен) беріледі.

Сол себепті, тамыз-қазан аралығында жұмысқа тұрған педагогтер оқу жылының соңында, алғашқы жұмыс жылы үшін - 56 күндік демалыс алуға құқылы.

Салалық келісім комментарийде
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk