Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-02-10 17:33:04 Коммуникацияда жиі кездесетін қателіктердің бірі адамға бірден бірнеше мәселе айту. Сабыр қылып, бір ғана мәселе айту керек. Шешілгенде ғана келесі мәселе айтылады.

Біткенде бітті деп ойлап қалмау үшін, басында ескертуге болады, әрине. Менде бірнеше мәселе бар деп
1 view14:33
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 17:32:58 Батыстан келген, кейбір отандастар жұқтырған қызық бір қасиет: еркектерден әйел сияқты сезімін көрсетуді күтеді. Ондай реакция көрмей жатса, ренжиді. Тіпті, махаббатын сонымен өлшейді.

Сондықтан, жақсы көрмейтін, ренжулі адам көрінбеу үшін, кейде тіпті жасандылыққа салыну қажет болады.

Еркектің/әкенің махаббаты әйелдің/ананың махаббаты сияқты емес. Екеуі екі түрлі. Ол ананың махаббатына қарағанда үнсіз. Әрі экстренный жағдайда құрбандық арқылы сөйлейді. Іштей сезіледі. "Мен сені жақсы көремін" деп шетелдік кинода көріп жатамыз. Бірақ біздің арамызда кім олай сөйлейді?

Махаббатты көрсету керек пе? Иә. Бірақ жеңілтек көрініс арқылы емес. Қиын жағдайдағы шешімдермен, мұңайғандағы демеумен, қуанышты жағдайда шынайы іштей қуана алумен. Батылың жетсе, айт. Жақсы көремін деп айту айып емес. Бірақ жақсы көрген адамның бәрі бірдей айта алмайды. Ер болсын, әйел боосын, олай айта алмаса жақсы көрмейді деген сөз емес. Тек іштей сезесің.
1 view14:32
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 17:32:49 Бір қоғамда діннің тек сыртқы формасы қалған болса ол жерде дін қалмапты.
Имам Ғазали

Бұл жердегі мағына адамды киген тақиясы, қойған сақалы үшін құрметтейтін болса немесе діндар деп ойлайтын болса ол жерде діннің жоғалып бара жатқаны белгісі қарапайым дүние намаздың сыртқы формасына талас-тартыс ғасырлар бойы келе жатыр. Бірақ, таластағы екі тарап та намаздағы ихлас ішкі хәл, Алла алдында құл екенін сезініп тұру деңгейі бойынша таласу қозғалар емес.

Өзімде тик-ток, инстаграмға видео салсам басты қарсылық:
Неге сақалың жоқ?
Неге тақияң жоқ? деген сияқты сөздер келеді.
Менғой мейлі білімдімін деп те айта алмаймын)))

Имам Муслим де көсем болғанын білсе ғой немесе өзіміздің заманымыздағы Рамазан ал Бути көрсе не айтады екен?
1 view14:32
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:15:53 Бөтен әйелмен/ермен флирт жасау дұрыс емес. Тіпті жұмыс орнында болса да. Оны ренжітіп алудан қорқып ойнақшып кету қате.

Жұрттың көңіліне қараймын деп дүние мен ақіретте абыройсыз қалудан Алла сақтасын баршамызды

*флирт - қылымсу. Әзілдесіп, тиісіп ойнау, еркелету
1 view17:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:15:41 Перфекционизм - қорқақтық. Біреудің сынынан қорқу
1 view17:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:15:29 Уағызшы - Алла мен жамағаттың арасындағы көпір. Бізде кейде КӨПІР-ді тым сәндеп жібереді де, көңілін Аллаға емес, уағызшыға байлап қояды. Жүректі әрдәйім Аллаға бұрып отыруды жазсын баршамызға.

Әбу Имран әс-Сәйхуни әл-Һәшими
1 view17:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:15:16 "Субханалла деп айту таразының жартысы, альхамдулиллях оны толтырады" деген сөздің мәнісі адам бірінші Алланы Оған лайық түрде тануға тырысуы керек. Кейін әрбір шүкіршілік пен мақтауы оның дәрежесін көтере береді. Алла жайында нашар ойда болған адам қанша шүкір айтып тұрса да, сенімі толық болмай тұрады
1 view17:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:15:05 Бір бауырыммен әңгіме истихара туралы болып кетті. Содан мен "Истихара деген түс емес қой, білесіз ғой иә?" дегенмін. Сөйтсем, "иә, бәсе. Әйтпесе қаншама қыздың түсінде жүрміз ғой" дейді
1 view17:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:12:34 Жекеге келген сұрақтардың басым көпшілігі “еш нәрсеге зауқым жоқ”, “уайымнан қалай арыламын”, “өмірім стресс болып кетті” және т.с.с.

Осы нәрселердің басты себебінің бірі – қаржы тапшылығы.

Мың жерден рухани уағыз айта бер, бірақ, миллиондаған қарызы бар адам өзінің қаржы проблемасын шешпейінше, сенің руханиятқа толы сөздеріңе құлақ асуы екіталай.

Біз бұл мәселеде маман болмағандықтан, тек ризық пен береке, ысырапшылдықтың алдын алу секілді тақырыптармен ғана көмектесе аламыз.

Құзіреттігіміз жоқ нәрседен де сөйлей беретін болсақ,бәріміз де коуч боп кетер едік.

Сол үшін нақты бір проблеманың шешімін сол саланың маманынан яки болмаса сол проблемамен ұшырасқан адамнан сұраған абзал.
1 view17:12
Ашу / Түсініктеме
2023-02-05 20:12:17 Іштегі мұң, қайғы және құдды бір травмаларыңды шығаратын жердің төресі, асылында – жәйнамаз еді.

Шегенің үстінде қайғырып жылап, психологпен тілдескенше, жәйнамаздың үстінде, қуана жылап, Аллаға мінәжәт етуің қажет еді ғой!!

#дейтінуағыздарнегежоқ?
1 view17:12
Ашу / Түсініктеме