Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-04-19 18:14:41 “Оған бір мәрте жоқ деп едім, осыған дейінгі жасаған жақсылығымның барлығын да ұмытып, маған өкпелеп қалыпты”,-деген сөз, сол жасаған жақсылықтарыңыздың сауабын түбегейлі жойып жіберуі мүмкін.

#кешкінасихат
1 view15:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:07:15 Шейхіміз Халид Харсадан (حفظه الله) "Әйелімізді қалай тәрбиелесек, қалай білім берсек болады? Қандай жолын ұсынасыз?" деп сұрағанымда, Шейхіміз: "Әйелдің жанын әйелден артық ешкім түсінбейді. Оған жақсы әйел ұстаз тауып бер", - деп жауап берген болатын.

#ұстаздар #тағылымы
1 view04:07
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:05:15 تطلب القلوب ما تشتهي ولكن تعالى يجيب بما هو أفضل لها.

Жүректер өз қалаған нәрсесін сұрайды, алайда Жаратушы ол жүректерге қайырлы болған нәрсемен жауап береді.

(с) Белгісіз автор
1 view04:05
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:03:04 “Зона комфортадан шық, тұрақты жұмыстан кет,бизнес баста!” дейтіндер коучтерге:

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім бір (адал) істе ризықталса... сол ісіне бекем болсын» дегені риуаят етілген. (Ибн Мәжә)

Ал басқа бір хадисінде: «Кімде-кім бір істе көгеріп өнсе, сол ісіне берік болсын» делінеді.

Имам әл-Һәрәуи осы секілді хадистердің түсіндірмесінде:

«Кімде-кім қандай да бір істе мол берекеге кенелсе, сол бір ісінде тұрақтылық танытсын. Бұл еңбек пен кәсіп тақырыбындағы барлық нәрсеге қатысты»дейді.

[Мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы ]
1 view04:03
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:02:43 Үлкен ғалым Ибн Атаиллә әс-Сәкәндәридің даналыққа толы хикметтер кітабы бар. Сол хикметтерге кең түсіндірме жасаған Рамадан әл-Бутый бір хикмет аясында мынадай бір сөздерді айтады:

«Көбіне кей діндар отбасыларда мынадай бір көріністі байқаймыз. Отағасы жұмысынан үйіне оралып, оңға-солға қарамастан, бірден үйінің құлшылыққа арналған бір бұрышына барып, ешкімге де көңіл бөлместен құранын оқып, нәпіл намаздарымен шұғылданып кетіп жатады.

Ал шариғатымыз бұған қатысты не дейді?

Шариғатымыз былай дейді:

«Егер сен жұбайы, бала-шағасы, бауырлары жоқ жалғыз басты адам болсаң, сол әрекетіңді жасай бер. Ол құптарлық іс. Әзірге Алланың саған артқан жауапкершілігі жоқ.  

Бірақ, егер Алла сені себептер (жауапкершілік) әлеміне байлап қойған болса, онда үйге келген кезіңде отбасыңа көңіл бөліп, жұбайыңмен сырласып, бала-шағаларыңды ойнатып, оларға көңілің мен сүйіспеншілігіңді бөлу – сенің міндетің.

Сен бұл ісіңмен Алланың саған бұйырған міндетін атқарып жатырсың. Соларға көңіл бөлуің – сенің құраның, сенің зікір-құлшылығың іспетті».

[Мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы ]
1 view04:02
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:01:46 “Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар?

Алла тағала күнәға мағфират етсе, күнә кешіріледі. Бірақ, амал дәптерде сақталады (ізі қалады).

Ал күнәға Алла ғафу етсе күнәны кешіреді, әрі оны амал дәптерден де өшіреді.

Сол үшін Алла Елшісі ﷺ осы дұғаны көп айтуды өсиет еткен:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллахумма иннәкә ғафуун тухиббу әл-Ғафуа, фәғфу ъәнна


Аллаһым расында, Сен ғафу етушісің, ғафу еткенді жақсы көресің. Және бізге ғафу ет

Рамазанның соңғы 10 күндігінде осы дұғаны көп айтайық.
1 view04:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:01:37 Садақаға ең алдымен садақа беруші мұқтаж екенін ұғына білуіміз міндет.

Кәсіпкер адам кәсібі аяқ-асты қиындыққа ұшырап құлдырағалы тұрған шағында жасайтын ең үлкен қателігі – “Ең алдымен мына проблемаларды реттеп алайын. Садақаны жұмыс реттелгеннен кейін қайта қолға аламыз”,-деп, бүкіл қайырымдылық-садақаға кететін шығындарды уақытша тоқтатуы.

Осы секілді сәтте керісінше, ең алдымен садақаны көбейту қажет. Әйтпесе, кәсібі қарбаласқан үстіне қарбаласа беруі ғажап емес…

[Мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы ]
1 view04:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 07:01:20 Имам әл-Фәрәбри өзінің ұстазы хафиз әд-дуниә имам әл-Бухаримен болған оқиғасын баяндай отыра былай дейді:

«Шейхым имам әл-Бұхари бір дәріс күні маған өте көп хадистерді жазғызды. Содан менің ол нәрседен зерігіп кетуіме алаңдап, маған былай деген еді:

«Қазіргі істеріңмен өзіңді бақытты сезін!
Ойын-сауық иелері өздерінің сауық-сайранында,шеберлер шеберханасында, саудагерлер саудасымен айналысуда.

Ал сен болсаң, Пайғамбарымыз ‎ﷺ және оның сахабаларымен біргесің
».

(Алла оларға разы болсын)

[Имам әз-Зәһәби, “Сиәр әғләм ән-нубәлә”]
1 view04:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:40:17 Неліктен “Намаз ұйқыдан хайырлы”?

Өйткені:

* Ұйқы нәпсінің шақыруына жауап беру, намаз – Алланың шақыруына жауап беру

* Ұйқы – кіші өлім. Намаз – тіршіліктің бастауы.

* Ұйқы – тәннің ләззаты. Намаз – рухтың ләззаты.

[ترجمت من قناة ابتسم للحياة]
2 views03:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:40:09 Қиямет күнгі қасіреттердің ең өкініштісі – өзіңнің орындаған құлшылықтарыңды басқаның таразысында көруің...

Алла біздің тілімізді ғайбаттан сақтасын!

#архив
2 views03:40
Ашу / Түсініктеме