Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-04-12 06:39:39 Тәубенің қабыл болу белгісі құлдың күнәны тоқтатуы.
2 views03:39
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:39:20 17-ғасырда өмір сүрген Жан Лабрюйер есімді француз жазушысының мына бір сөзін оқып қалдым:

«Өмір бұл – ұйқы. Ал қария – ең көп ұйықтап, енді оянар шағында дүниеден өткен адам»,-дейді.

Бұған ұқсас Али (Алла оған разы болсын) мына бір керемет сөзі бар:

«Адамдар терең ұйқыда. Өлген кезде ұйқыларынан оянады».

Пенденің табиғаты осы. Ешкім оған айтып жол сілтемесе де, нені істеп, нені істемеу қажеттігін онсызда бәрінен жақсы біледі.

Бірақ, қартайған кезде барып, бос ойын-күлкіде өткен жастық шақ үшін үлкен өкінішке батып, енді ғана есін жияды….
2 views03:39
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:38:38 Көрінген бір жерден күмәнді тамақ жей саласың, сосын: “Ілімге деген ықыласым азайып кетті, намаздарымда хушуғ мүлде жоқ. Не істесем болады?”-деп, дым болмағандай сұрақ қоясың.
2 views03:38
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:38:26 Кітап оқитын адамның болашақтағы ең үлкен өкініші – оқыған кітаптарының тізімін жазбау.

Қазір өзіңізге білінбей оқи беруіңіз мүмкін. Бірақ, қазірден оқыған кітаптардың тізім жазбай әрі кітапқа талқы жазбайтын болсаңыз, кейін үлкен өкініште боласыз.

Тізімді жазудың үлкен бір пайдасы – өзіңнің әлсіз тұсыңды көзбен көру.

Өткен үш айда осы тақырыптарды оқысам, ендігі айларда мына тақырыптарды оқуым қажет екен деп, ілімдегі балансты ұстап тұрасыз.

Әйтпесе, нәпсі атаулысы өзіне жағымды болған ғана тақырыптарда кітап оқып, басқа тақырыптарға жолатпауы мүмкін.

Шейх Хассан әл-Һинди (хафизаһулла) айтпақшы:

“Ілім ізденуші нәпсісі қалағанды емес, оқылуы қажет болған кітаптарды көбірек оқуы қажет”.
2 views03:38
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:36:18 Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде былай дейді:

«Пенде өзіне сұраншақтық(қайыршылық) есігін ашса… Алла оған кедейлік есігін ашып қояды».

(Сунән әт-Термизи)

[Кедейлік кілттері үзінді]
2 views03:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:36:00 Алла сізді қазақ етіп жаратқанына яки Қазақстанда туылып, ер немесе әйел болып жаратылғаныңызға шын жүректен разы болу – нығметтердің артуына ең үлкен себеп болып табылады.

Адамның ризығы артуына ең үлкен себептің бірі – тағдырына разы болу.

Бұны ризық кілттерінде ұмыт қалдырыппын…
2 views03:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:35:03 Көбіне “мынаны оқыдым, ананы оқыдым” деп көп айта берудің зардабы да осы. Өздігіңнен оқудан қаласың. Не оқысаң да, кімнің сабағың тыңдасаң да адамдарға айтуға, көрсетуге құмарланасың.

“Ықылас” кітапшасында да осыған ұқсас бір сөз келтіріп өткен едім.

Егер өзіңді шынымен білімге қызығушы, ілімнен ләззат алушы деп білсең, мына нәрсені ойлап көр.

Егер әлемдегі барлық адам аяқ-асты жоқ болып кетіп, сенің біліміңе таңданатын ешбір адам қалмаса, бұрынғыдай ынтыға кітап оқисың ба, әлде жоқ па?!)
2 views03:35
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 06:34:44 Кітапты өміріңді жақсы жаққа өзгерту үшін оқысаң, әрбір оқыған сөздің өзі ләззат береді.

Ал егер “мен оқыдым” деп айту үшін оқитын болсаң, кітап біткенше әрбір оқыған сөздің өзі азап береді.
2 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:43:04 Жамандықпен күресу бар. Жақсылықты жаю бар.

Мен жақсылықты жаю жолын таңдадым.

Атеиске кезігіп қалсам, онымен қызыл кеңірдек боп, бірдеңе дәлелдеп, сөз таластырмаймын. Күреспеймін. Оның орнына Құдайға деген махаббатымды ең заманауи формада, ең әдемі үлгіде көрсету үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

"Лгбт пропагандасы күшейіп кетті, ойбай" деп жаһанға жар салмаймын. Күреспеймін. Оның орнына отбасы құндылығы, ер мен әйел арасындағы махаббатты, мысалы, жарымды қалай қатты сүйетінімді көбірек жыр қыламын. Оны көріп, қыз қыз боп туғанына қуанып, жігіт жігіт боп туғанын мақтан тұтатындай жігіт болу үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

Youtube, tiktok, insta-да жеңілтек контент көбейіп кетті деп ешкімді сөкпеймін. Күреспеймін. Оның орнына сол жерде мағыналы, нәрлі, мәнді, пайдалы контентті көбейту үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

Жамандықпен күреспе, жақсылықты жай. Ең ұтымды жол сол.

Сен жайған жақсылықтың құшағында кез келген жамандық тұншығып қалсыншы. Сен жайған жақсылықтың жылуынан кез келген жамандық еріп кетсінші. Сен жайған жақсылықтың жарығынан Күн шыққанда, Ай көрінбей қалғандай кез келген жамандық көрінбей қалсыншы.

@dzhigitbek
1 view02:43
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:42:11 Намаз оқып жүріп күнәларға қызығып жүрсең, қабылдап жатқан контентіңді түзе. Ұстаз ауыстыр. Жүрек қалаулары құлақ пен көзден кіреді
1 view02:42
Ашу / Түсініктеме