Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-01-18 11:37:49 Жақсылыққа шақырушы бол, я болмаса оларды қолдаушы бол!

Бірақ, үшіншісі болма)
1 view08:37
Ашу / Түсініктеме
2023-01-18 11:33:38 Имам Суюты:

Біліп қой!

Жүрегінде бидғат, тәкәппарлық, нәпсіқұмарлық немесе дүниеге махаббат болған адамға;

әрдайым күнә жасайтын немесе иманы толық орнықпаған, әлсіз болған адамға;

білімі жоқ тәпсіршінің сөзіне немесе өз ақылына сүйенген адамға ;

Уахидің (Құранның) мағынасы және оның сыры Құранға қараған адамға ашылмайды.

Себебі, айтылғандардың барлығы Оны (Құранды) түсінуден тосатын бір-бірінен асқан перделер мен кедергілер.
1 view08:33
Ашу / Түсініктеме
2023-01-18 11:32:24 "Зиялы" сөзін көп естиміз. Мағынасы түсінікті ғой. Бірақ қайдан шыққанына қарайықшы

Бұл сөз араб тіліндегі "дзыя" (ضياء) сөзінен шыққан. Мағынасы – жарық, нұр.

Демек, зиялы дегеніміз – нұр шашу. Ал нұр – ол білім.

Зиялы болайық
1 view08:32
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:30:40 Адам жалықса, Аллаһ беруді тоқтатады.
Адам қызықса, Аллаһ беруді жалғастырады.

Жұрт таң қалады:

Қалай ол жетістікке жетті деп? Немесе қалай ол соншалықты биікке ұша алған не алысқа бара алған деп?

Жауабы:

Қызығушылығын өлтірмеген. Сақтап өсірген...
1 view18:30
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:29:47 Ключ ада очень красивый. Золотистый и блистает. Его очень приятно держать.

Ключ рая ржавый и не удобный для рук. Совсем непривлекательный. Порой очень даже неудобный.


Тому кто принимает решение глядя на ключи, тот войдет в ад. Тот, кто подумает: а что же эти ключи открывают? Тот явно войдет в рай…

Рай для разумных людей…

Ад для бестолковых… Но они об этом не знают… Ведь они бестолковые... (2:5,6,9,12,16,25,26,41)
1 view18:29
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:23:02 Олжас Бейсенәлі шейхім қазақ тіліне араб тілінен енген сөздерді жиі жазып шығарып отырады. Жай шығарып қана қоймай, этимологиялық тұрғыдан дәлелдейді.

Ілгеріректе бір оқырман бауырымыз менің де сол секілді жазбама үн қатқан болатын: "Неге бәрі араб тілінен бола беру керек? Мүмкін қазақ тілінен араб тіліне енген шығар" деп.

Сөздің өзін арабша демейміз. Араб тілінен шыққан, түбі араб тілінен енген дейміз. Алайда "Хат, хабар, нұр, сұлтан, хәкім ж/е т.б." сөздердің бәрі қазақша сөздер. Қазақша сөз, түбі араб тілінде бар. Одан біз кеміп қалмаймыз, арабқа құл боп қалмаймыз.

Тіпті қазақ тіліне енген сөздер қазақи артикуляцияға бейімделіп, қатаңдалады. "Мектеп, кітап ж/е т.б." соның өрнегі. Тіл мамандары бұны тілдің қуаттылығы дейді.

Араб тілінде де өзге тілдерден енген сөздер жетіп артылады. Алайда араб тілі ол сөздерді өзіне бейімдеп алған. Бәріміз бір жаһанда өмір сүреміз. Бірін алсақ, бірін береміз.

#запискиВостоковеда
1 view18:23
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:22:21 Айтпақшы, қате сөзі де араб тіліндегі "хата" (خطأ) сөзінен шыққан
1 view18:22
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:20:54 Насихат 3 в 1

Бойдақтарға насихат: Үйленгеннен кейін түзелемін деген сөз – шайттанның алдауы. Ұстызым Бәсил Садр бізге әрдайым былай дейтін:

"Үйленбей тұрып, жаман тұстарыңды түзетіп алыңдар. Үйленгеннен кейін түзелемін деген сөздердің бәрі өтірік. Үйленбей тұрып көзін харамнан сақтамайтын адам – үйленгеннен кейін де сақтамайды. Керісінше, одан да бетер сол істі істейді".

Сондықтан бауырлар, бойларыңыздағы жаман мінез, әдеттеріңіз болса, қазірден бастап оларды түзетіңіз. Сонда ғана сіз салихалы жар бола аласыз.

Тұрмыс құрғысы келетін қыздарға насихат: Әдетте жігіт үйленбей тұрып қызға көп нәрсе уәде етеді. Оларға сене бермеңіз. Қазіргі жағдайына қараңыз. Егер ол сізге үйленгеннен кейін бірге ілім аламыз, оқимыз десе, оның қазір не істеп жүргеніне мән беріңіз. Егер өзі ілім алмай жүрген адам болса, үйленгеннен кейін де сізбен бірге ілім алады деу қиын.

Дәл солай егер ол өз күнін өзі көре алатындай жігіт болса, онда ол сізбен де күн көре алады. Медресе оқыған жігіттер әсіресе сондай болады. Олардың жұмысы жоқ деп уайымдамаңыз. Егер дін үшін жаны ашып жүретін жан болса, онда Алла сіздерді қараусыз қалдырмайды.

Ал дүниемен айналысып жүрген жігіт болса, онда оның болашақ перспективасына қараңыз. Дінімізде оған қайшылық жоқ. Сенбесеңіз "кәфәә" мәселесін қараңыз.

Үйленгендерге насихат: Егер де күйеуіңізге/әйеліңізге өкпелеп қалсаңыз, оны тез кешіру үшін онсыз өміріңіз қалай болатынын елестетіңіз. Оның сізге жасаған қамқорлығын еске алып, ренжісіп қалған мәселе түкке тұрмайтынын түсініңіз. Әрдайым осыны қайталаңыз.
1 view18:20
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:19:22 Қатер және қапер сөздері екеуі де араб тіліндегі бір сөзден, бір түбірден шыққан. Тек қапер сөзі өзгеріске ұшырап "т" әріпі "п" әріпіне ауысқан.

Араб тілінде "хатыр" (мәддәны хаға қоямыз) (خاطر) деген сөз «ой, пікір, түсінік», «ақыл, ес». Қазақ тілінде екінші мағынасы «қаперіне алмау», «қаперіне кірмеу», «қаперінде жоқ» тәрізді т.б. сөз тіркестері арқылы беріледі.

Ал "қатер" сөзі (خطر) хатар сөзінен шыққан. Мағынасы екі тілде де "қауіпті" білдіреді.

Сонымен қарасақ, екі сөз де араб тілінде бір сөзден шыққан. Алайда араб тілінде бір сөз әртүрлі формаға ене алады және бірнеше мағына қамтиды.
1 view18:19
Ашу / Түсініктеме
2023-01-14 21:18:46 Біз оқыған сайын білімді емес, "білгішсі" болып барамыз
1 view18:18
Ашу / Түсініктеме