Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-12-31 07:37:12 Инстада жалпы әлеуметтік желіде өзгелердің танымал болып жүргендерін көріп, мен де сондай танымал болсам ғой деп қызығып немесе әлеуметтік желіні сіз де қолға алып, бірақ оқырмандар саны көбеймей жатқанға еш қайғырмаңыз. Мақсат атақ емес, атаққұмарлық үлкен дерт, ол дерттен Аллаға сыйыну керек.

Ал егер шынымен атақты болғымыз келсе онда аспанда періштелердің арасында атақты болуға тырысайық. Сіз тақуа болсаңыз, сіз үнемі Алланы зікір етіп, салауат айтып жүрсеңіз аспандағылар сізді танитын болады.

Құдси хадисте: “Кім Мені жеке еске алса, Мен оны жеке еске аламын. Ал кім Мені көпшіліктің алдында еске алса, Мен оны одан хайырлы көпшіліктің(яғни періштелердің)алдында еске аламын”, - дейді Алла Тағала.

Ойлаңызшы, Алла Тағала сіздің атыңызды жеті қат аспандағы періштелерге атайды. Одан артық абырой мен атақ бар ма? Ертең жанымызды періште алған кезде, өзімен бірге бірінші аспанға алып кетеді. Артынша сіз жақсы адам болған болсаңыз бірінші аспандағылар “салиқалы жан, қош көрдік” деп аспанның есігін ашады. Сол кезде құлдың миғражы басталады. Иа, салиқалы құл қайтыс болғанда толықтай жеті аспанды көріп барып, қабірге оралады. Содан соң ғана қабірде сұрақ-жауап басталады.

Сахаба Сағд ибн Муаз (Алла ол кісіге разы болсын) 30 жасында Исламды қабылдап, мұсылман болып 6-ақ жыл өмір сүрген. Бірақ қандай өмір десеңізші! Алланың разылығына жеткені соншалық, Сағд үшін арнайы 70 мың періште жер бетіне түсіп, жаназа намазына қатысады. 70 мың періште! Және Алланың ең үлкен жаратылысы Аршының өзі Сағдтың қайтыс болғанына сілкінеді(оның аспанға келетініне қуанғаннан немесе оның өліміне қайғырғаннан). Міне атақ, міне абырой.

Біз асылы ұмтылуымыз қажет болған абырой осы. Қаншама тақуа жандар бар, оларды жер бетінде ешкім танымаса да аспандағылардың баршасы таниды.

Ендеше аспанда атымыз үнемі аталып жүрсін. Әмин
1 view04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:35:42 Шақырым арқылы алыстықты елестете алмайтындар бар ма әлде араларыңызда?) Жалпы сурет пайда болу үшін айтайын:

Шымкент-Алматы арасы 680 шақырым.

Алматы-Астана 1228 шақырым.

Алматы-Ақтөбе 2081 шақырым.

Енді елестете алдыңыздар ма ара-қашықтықты?
1 view04:35
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:31:01 Сахих хадистерге сүйеніп жасалған, 7 діни тұрғыда пайдасы бар әдетті ұсынамын:
1- Жатар алды "Қул я айюхал-кафирун" сүресін оқып жатыңыз. Егер солай жасасаңыз, Алла Тағала сізді Өзіне серік қосудан (ширктен) сақтайды.

2- Күніне "Қул ху Аллаху ахад" сүресін 10 рет оқыңыз. Солай жасасаңыз, Алла Тағала сізге жәннаттан сарай тұрғызады.

3- Кәһф сүресінің алғашқы және соңғы 10 аятын жаттап, кемі күніне 1 рет оқып жүріңіз. Солай жасасаңыз, Алла Тағала сізді Дәжжалдың фитнасынан сақтайды.

4- Әр парыз намазынан соң аятул-курсіні оқуды әдетке айналдырыңыз. Солай жасасаңыз, өмірден өткен бойда жәннатқа кіресіз.
(Ескерту: Егер бесін намазы секілді парыздан соң оқылар сүннет намаздар бар болса, аятул-күрсіні сүннеттен соң оқисыз)

5- Әр жұма сайын, жұма күні Кәһф сүресін оқып шығыңыз. Солай жасасаңыз, Алла Тағала екі жұманың арасында сізге нұр береді. Тура жол табасыз, ісіңіз оңтайланады.

6- "СубханАллахи уа бихамдиһ, Субханаллаһил-азим" сөзін күніне 100 рет қайталасаңыз, күнәңіз теңіздің көбігіндей көп болса да, Алла Тағала күнәларыңызды кешіреді.

7- Дәретті жақсылап алып, артынан: "Ашхаду ал-ла илаһа иллаллаһу уахдаһу ла шарикалаһ. Уа анна Мухаммадан-абдуһу уа расулуһ. Аллаһуммаж-ални минат-таууабина уаж-ални минал-мутатоххирин." деп айтсаңыз, сізге жәннаттың 8 есігі ашық болады. Қалғаныңыздан кіресіз..
1 view04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:27:26 Ассалаумағалейкүм ұстаз қалыңыз қалай? Ұстаз, бір жерге қонаққа барғанда немесе көп адам отырыстарда сөйлеу ұялу сияқты сезімдер болады.
Және де әрбір жерде сөйлетіндей сөз табуға кез келген адаммен ара қатынасқа түсуде сенімділікті қайдан үйренуге болады?








Уағалейкумассалам уарахматуллахи уабаракатуху

Мен білетін жұмыс жасайтын әдістер мыналар:

1. Кітап тұрақты оқып тұру. Оның ішінде әдеби кітаптар және тарихи кітаптар. Әдеби кітап - біреудің өмірі. Оның барлығы тәжірибе болып, басқаларды жақсы түсінуге көмектеседі.

Көзімше бір жігіт бір жылда 100 шақты әдеби кітап бітіріп, кәдімгі әңгіме айтқың келетін адамға айналды.

2. Пікір-сайыс дебат клубтары. Импровизация, көпшілік алдында сөйлеу, жан-жақтылық тұрғысынан көп нәрсе береді.

3. Үлгі тұтатын кісінің қасында көп жүру, бір пайдаң тиетіндей болу. Қай жерде қалай өзіңді ұстау керек, не сөйлеу керек, қателіктер мен дұрыс әрекетті содан жұқтырасыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да.

4. Спорт. Ер адам бәрібір де конфликтке дайын болуы керек. Іс насырға шауып кетсе, өзіңді қорғай алмасыңды білсең, сенімділік жайында сөз қозғау қиын.

5. Қаржылық запас. Мықтылық - ұзаққа шыдай алу. Оның ішінде қаржылық тұрғыда да. Тіпті жұмыссыз қалсаң да, жөнді жұмыс тапқанша өмір сүретін 3-6 айлық запас болса, шешім қабылдау, сөйлесу оңайырақ.

6. Тақуалық. Алланың сенімен екенін білгеннен аса, артыңды тіреп тұратын нәрсе жоқ, сірә.
1 view04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:25:58 Бір істер бар. Амалы бар, сауабы жоқ.

Бір НИЕТТЕР бар. Амалы жоқ, сауабы бар.
1 view04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:25:23 Біздің уақытымызда меңгеру керек ең үлкен қабілеттердің бірі - демалыс режиміне қосыла алу. Дем ала алмаған адамнан ұзақ уақыттық тұрақты нәтиже көру қиын. Перегорать етіп кете береді
1 view04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:24:52 Пайғамбарымыздың (с.а.с) жүрегіне жұбату болып түскен аят қаншама. Біздің де жүрекке бір жұбату табылмайды деймісіз
2 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 07:24:18 Өзіме бір сөз.

Біреуден бірнәрсе күтіп жатсаң, не күтіп жатқаныңды ескерт.

Ескертпесең, ренжіме
1 view04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:15:09 Ибн Сиринге(رحمه الله) халал мен харам жайлы сұрақ қойылса, қорқыныштан түрі қатты өзгеріп кететін болған.

Ато ибн Мусайиб(رحمه الله): “мен сондай ғалымдарды көрдім, олардан бір нәрсе сұрай қалса, жауап берген мезетте тұла бойларын қорқыныш басатын еді”, - дейді.

Бір рияуатта: “Имам Маликтен(رحمه الله) бір мәселе жайлы сұраса, ол құдды бір жәннәт пен тозақтың арасында тұрғандай күй кешетін болған екен”.

Яғни дінде сөйлеудің, пәтуә берудің жауапкершілігі сондай ауыр болғандықтан қате жауап айтудан қатты қорқатын болған. Сол бір жауапкершілікті сезінгендіктен ол ғалымдардың “білмеймін” деген жауаптары өте көп болды. Жауап берсе де, Алла жақсырақ білуші, жауабым дұрыс шығар деген үміттемін, бұл мәселеде маған дұрысырақ көрінген жауап осы деген секілді сөздермен жауап беретін болған. Сондықтан ғалымдар нақты жауабын білмейтін мәселеде ешқашан кесіп айтпаған және өз ойларынан ешнәрсе қоспаған. Барлығы Алла мен оның Елшісінің сөзіне, шариғатқа сай еді.

Ал енді қазіргі шариғат оқымаған(блогер, психолог және т.б.)адамдардың Ислам атынан өз ойларымен сөйлеуге қалай даты барады екен? Алланың сөзін өз ойымен тәпсірлеу тозаққа апаратын жол екенін біледі ме екен? Тіпті ол ойы дұрыс болып шықса да олай жасауға болмайтынын біледі ме?

Осы жазда Шейх Хасан Һиту (حفظه الله): “ақырет күні адам зина, арақ ішу, кісі өлтіру және т.б. ауыр күнәлармен Алланың алдына баруы, шариғатты бұрмалағаннан жеңіл болады”, - деген ауыр сөз айтты.

Демек әрбір адам дінде нақты білмейтін мәселеде сөз сөйлеуден қорқу керек.

Ақырет күні Алла Тағаланың бізге: “неге сен Мен айтпаған сөзді, Мен меңземеген мағынаны Менің атымнан сөйлеп, халықты адастырдың?”, - деген сөзді естуден бір Өзі сақтасын. Әмин
2 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:11:03

1 view13:11
Ашу / Түсініктеме