Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-12-27 16:09:02 Ойлаймын да ...

Біреуге алданып қалсаңыз, бұл сіздің ақымақ екендігіңізді көрсетпейді. Себебі қалай болғанда да тазалық, адалдық оңбағандықтан жоғары тұрады

#ойлаймында
1 view13:09
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:08:16 Ұят иманнан. Екеуі өте тығыз байланысты. Ұялмайтын адам барлығын жасайды. Ұяты бар адам шектен шықпайды. Ұят қазақтың болмысы, оны кетіріп қажет емес. Әрине әр нәрсенің өз орны бар. Бірақ жалпы айтсақ, осылай.
1 view13:08
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:07:52 Қыздың ұятына қарап үйлен, жігіттің жауапкершілігіне қарап тұрмысқа шық. Бірақ екеуі де иманды болсын. Себебі ол асыл болып саналады.
1 view13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:07:32 لكلِّ دينٍ خُلقٌ وخلقُ الإسلامِ الحياءُ ، من لا حياءَ له لا دينَ له

Әрбір діннің мінезі бар, Исламның мінезі ұят. Кімде ұят жоқ болса, оның діні жоқ(яғни діні әлсіз).

Хадисті ибн Абдулбарр “тәмһид” еңбегінде жеткізді. Басқа да шауаһид хадистер бар.

Қазіргі кейбір психологтардың ұятты кетіруге арналған тапсырмалары Исламның негізіне қайшы екенін біле жүріңіздер.
1 view13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:05:28 Бұрынғы мұсылмандар күнә жасаса күнәсін мойындап, Алла мені кешірсін деп айтса, қазіргі мұсылмандар жасап жатқан күнәларын адалдап алуға тырысып, соған дәлел іздейді. Тіпті Исламнан бір қателік табуға тырысады. Түрлі дінсіздердің интернетте айтқан мәселелерін қарайды. Нәтижесінде надандықпен нәпсісіне жаққан, Исламға жала жабылған бір күмәнмен дінді тәрк етіп, күнәсін еркін, ешкімнен ұялмай жасауға кіріседі, әрі өзгелерге де күмән салуға тырысады.

Бұл да Шейх Муджир әл-Хатыбтың мағыналай жеткізілген сөздерінен.
1 view13:05
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:03:22 Термизиде келген хадисте Пайғамбарымыздың ﷺ шашын ағартқан 5 сүре.

1. Һуд
2. Әл-уақиға
3. Мурсәләт
4. Нәбә
5. Тәкуир

Осы сүрелердің мағынасын оқып көріңіздер.
1 view13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 16:02:09 Абу Һурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ айтты: “Кімде-кім менің атымнан әдейі өтірік айтса тозақтан өзіне орын дайындай берсін” (Бухари, Муслим)

Хадисті 70 сахаба жеткізген. Яғни хадис мутауатир. Ол дегеніміз бұл хадистің дәлел күштілігі Құранмен тең.
1 view13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 15:34:34 Я Аллаһым! Мені Сенен алыстататын адамдардан алыс ет.
1 view12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-09-07 07:00:19 Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде:

"Мына 4 нәрсе кімге берілсе, онда оған мына дүние мен ақыреттегі бар жақсылық берілгені. Олар: шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл, сынаққа сабыр етуші дене және күйеуінің ары мен малына қиянат қылмайтын әйел".

Абылай Кенжалы, "Шүкір" кітабынан алынды
1 view04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 20:30:26 ТҮНГІ ҰЙҚЫ

Бірден лайк басып жатқан кісілер!

"Қайырлы таң!" әлде "Жақсы дем алыңыздар!"))

Таң атпай телеграмда отырған адамдар не ерте тұрды немесе енді жатайын деп жатыр (программисттер, дизайнерлер, видеомонтажёрлар, жалпы өзіне жұмыс жасайтын немесе шығармашылық адамдары). Тіпті мен білетін көп ҒАЛЫМ түннің адамдары.

Түнгі жұмыстың бір жақсы, екі жаман жағы бар.

Жақсы жағы - шабыттанып жұмыс жасайсың.

Екі жаман жағы:

(1) денсаулықты кетіріп, тревожность тудырады;

(2) түнде шығарма жазсаң, күндіз көңілің толмай тұрады. Бұл көбіне шығармашылық жұмысқа қатысты.

Түнде жазылғанды түнде оқу керек) Әйтпесе, қияли біреу сияқты болып тұрасың.

МЕН ҮШІН ИДЕАЛ

Мен талпынатын идеал режим 21:00 ұйықтап қалу. Тіпті түнгі 3:00 оянсаң да, 6 сағат ұйқы болады.

Кейін таңғы 8:00-ге дейін жұмыс жасасаң 5 сағат жұмыс болады. Жұмыс күні әлі басталған жоқ. Сен уже 5 сағат жұмыс жасадың.

Мен ол режимде жүргенде әдетте жұмысқа дейін жарты сағат-бір сағат дем алып алатынмын.

Қатарынан 5 сағат жұмыс істеу қиын. Тым болмаса, таңғы бесте тұрсаңыз, 3 сағат жұмыс. Бірнеше күн бір бағытта 3 сағат жұмыс жасайтын болсаңыз, БІ-РАЗ жерге апарып тастайсыз.

Мәселе таңда тұруда ғана емес. Бірақ ол уақытта Сізді көбі мазаламайды.

Ал құптан намазына келсек, оқу жылы бойы құптан 21:00-дің шамасында кіреді.

МЕНІҢ ҰЙҚЫ РЕЖИМІМ

Күнделікті режимім сондай болса еді әттең! Бірақ, қажет кездесулер мен кешкі сабақтар ол режимді ұстатпайды.

Менің бір энергетикалық спад 23:40-та. Келесісі 1:30-да. Алғашқысында төсекте болсам, бірден ұйықтап кетемін.

23:40 төсекке болмай қалсам, келесі спадты күту керек болады. Аса қатты шаршаған болмасам.

Бұл тақырып қызық па екен? Осы формат қалай?
1 view17:30
Ашу / Түсініктеме