Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-02-24 05:41:55 Әрбір мұсылманда на автомате 2 әдет болғаны жақсы:

1. Ұнамайтын жайт шығып қалса, шүкір айтып, сезіну.

2. Уайым шығып қалса, садақа беру.
1 view02:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:41:47 Сұрағаның берілгенде Берушіні ұмытпа

(Авторы белгісіз)
1 view02:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:38:21 Часто пишут: объясните этот вопрос или тот вопрос. Или скидывают кучу видео ссылок или огромные тексты и даже книги а потом просят в вкратце, четко это детально проанализировать и объяснить на уровне младенца

Сондайда хочется сказать - сұрақтарыңды прям шашып тастайын ба? Прям детально? Как Итачи раскидал ючиху и спас коноху? Или как мадара раскидал всех каге, переосилил эдо тенсей и даже стал джюби десятихвостого?

Но не все поймут этот ответ, а те кто понял скажут - агааай вы че наруто смотрите??? И тогда я молча вздохну и продолжу пить чай)))

Умра қайда? Наруто қайда? Очень крутой переход...

Но есть смыслы, о которых не расскажешь...
1 view02:38
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:36:00 "...Ер адамның діндар болуы ұрыс-керіс кезінде өзін ұстап, ашуға жеңілмеуімен ғана байланысты емес. Әйел адамның тәрбиесіне де тікелей қатысы бар. Егер ері діндар, тәрбиелі болса, әйелдің де адамдық ары биік болмақ. Әйел адам – үнемі тәрбие мектебін қажет ететін жаратылыс. Қыз бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның тәрбиесі мен қоғамның және болашақ жарының алдындағы жауапкершілік, ата-ананың мойнына жүктеледі. Яғни туылғаннан бастап ұзатылғанға дейін үнемі тәрбие инстиутында болады. Егер қызды жас кезінен еркіне қоя берер болса, қисық өсіп, буыны әбден қатайған ағаш тәрізді түзеуге келмейтін хәлге жетеді. Қисық өскен ағаштың көлеңкесі қисық, көзге сұрықсыз болып көрінгендей, дұрыс тәрбиеден ауытқыған қыздың да қоғамға және болашақ жарына берері болмайды. Міне, сондықтан да қыздың ұзатылғанға дейінгі тәрбиесі өте маңызды. Бұл тәрбие осы жолдан бітпейді. Ақ босағаны аттаған қыздың ендігі тәрбиесі өмірлік жарына аманат етіп тапсырылады. Егер ерінің санасы шариғатпен шыңдалмай, тәрбиеде осал болса, уақыт өте келе бұл мінез жұбайына да өтеді. Себебі жоғарыда айтқанымыздай «әйел адам күйеуінің дінінде болады»..."

"Неке және отбасы" кітабынан үзінді
1 view02:36
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:35:04 Алла елшісі ﷺ «Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, қиямет күні Алла да оның айыбын жасырады», – деген.

Фақиһтарымыз бұл хадистің екі тарапы бар деген.

Соның бірі; егер біреу адамның хақысына қатысты болған нәрседе бір сөз айтып, немесе бір іс жасап жатса, оның бұл ісін көрген адам, міндетті түрде айтуы керек.

Екіншісі; Алланың хақысына қатысты болған істе, адамның айыбын көрсең, оны жарияламай жасырын ұстау керек. Алланың ақысына қатысты болған істерге; ғибадат құлшылық, немесе шариғи қылмыстың кейбір түрі (мысалы зина жасау) жатады. Осындай істе бір адам қателесіп жатса, оның айыбын өзгеге айтпаған абзал.

Ал, егер адамның хақысына қатысты болса, міндетті түрде айтылу керек. Мысалы, бір адам діндегі үкімдерде өрескел қаталікке бой алдырып жатса, оның бұл ісін айту - айыбын ашу болып есептелмейді. Керісінше, бұл жерде мұсылмандардың ақысы жатыр.
1 view02:35
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:34:38 Сәләфилердің мәзһабсыздығы

Сәләфилер өздерін ханбали мәзһабын ұстанамыз дейді. Бірақ асылында олай емес. Олардың фиқһтағы көптеген амалдары төрт мәзһабтың ижмағына қарсы. Түсінікті болу үшін алдымен мына нәрсені біліп алайық. Баршамызға белгілі болғандай, үммет мойындаған төрт мәзһабтың әрбірінде құран және сүннеттен үкім шығаратын абсолютті мүжтахид ғалымы болады. Ғұламалардың бір ауызды келісімімен, бұл санаттағы мүжтахид имамдар әуелгі 2-3 ші ғасырмен ғана шектеледі. Одан кейін құран мен сүннеттен дербес үкім шығара алатын ғалым мойындалмайды. Кімде-кім өзін осы санаттағы ғалымға жатқызып, құран және сүннеттен дербес үкім шығарса, шығарған үкімі төрт мәзһабтың абсолютті имамдары шығарған үкіммен сәйкес болуы мүмкін, немесе оған қарсы болуы мүмкін. Бұдан басқа үшінші вариант жоқ. Екі жағдайда да оның шығарған үкімі қабыл алынбайды.

Енді негізгі мәселемізге оралайық. Сәлафилер өздерін ханбали мәзһабындамыз дейді. Бірақ сөздері амалдарына сай емес. Себебі олар көптеген фиқһи мәселеде ибн Тәймиияның шығарған үкіміне амал етеді. Солардың кейбірі: үш талаққа бір талақ, жұқа шұлыққа мәсіх тарту, уақытша некелесу т.б. Тарихтан мәлім болғандай ибн Тәймиия ханбали мәзһабын ұстанған. Бірақ көптеген мәселеде құран және сүннеттен өзі дербес үкім шығаратын болған. Енді оның шығарған үкіміне қарайық, Ахмад ибн Ханбалдың шығарған үкіміне қарсы ма, әлде сәйкес пе?! Әрине қарсы. Себебі Имам Ахмад ибн Ханбал үш талаққа бір талақ демеген, имам Ханбал жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болады демеген. Имам Ахмад ибн ханбал уақытша неке хайырлы демеген. Сәлафилер кімнің мәзһабына амал етіп жатыр сонда?! Ахмад ибн Ханбалдың ба, әлде ибн Тәймиияның төрт мәзһабқа сай келмейтін сөзіне ме? Егер олар фиқһта ибн Тәймиияның дербес үкіміне амал етсе, оларда мәзһаб жоқ деген сөз. Себебі үммет мойындаған төрт мәзһабтан өзге мәзһабытың ешбірі тура жолда емес. Сәлафилер ибн Тәймиияны абсолютті мүжтахид деп біледі. Біз бұның жауабын жоғарыда айтып өттік. Тарихқа назар салсақ, ешбір ғұлама ол кісіні абсолютті мүжтахид деп санамаған. Өзін бір мәзһабқа теліген адам, қалай абсолютті дербес ғалым болсын?!
1 view02:34
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:32:07 Имам Сығанақи: “Адамды адастырушылар екіге бөлінеді. Бірі философилық оймен ғана шетелушілер болса, енді бірі хадистің сыртқы мағынасымен шектелгендер” (Әл-Кәфи усуль әл-Бәздауй 1/189)
1 view02:32
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:31:08 Тілмен зікір ету жүрекпен зікір етуден абзал.

Имам ибн Ашур "Алланы көп еске алыңдар" деген аяттың тәпсірінде былай дейді:

"Бұл аятта "көп еске алыңдар" деп тілмен зікір етуді айтып отыр. Себебі тілмен зікір ету – жүрекпен зікір етумен қатар, басқаны да қамтиды.

Адам тілмен зікір еткенде, тілі де жүрегі де зікір етеді және құлағы зікірді естиді. Сондай-ақ басқаға зікір етуді еске түсіреді. Сондықтан тілмен зікір етудің пайдасы тек жүрекпен зікір етудің пайдасынан артық.

Сондай-ақ, бұл аятта тілмен зікір ету керек екеніне нұсқайтын нәрсе – "көп" деген сөз. Себебі, жүрекпен зікір етуді "қатты зікір", "күшті зікір" ету деп айтады".

Ибн Ашурдың "Әт-тахрир уа әт-тануир" тәпсірінен
1 view02:31
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:30:42 Бәрін өзін үшін жаса, өзінің пайдаң, өзінің рахатың үшін жаса. Біреу үшін жасайтын болсаң, міндетті түрде шаршайсың.

Мысалы контент жасайсың ба, өзің үшін ғана. Пост жазасың ба, өзің үшін.

"Өзің үшін" деген қалай? Яғни, біреудің алдында өзіңе міндет алма. Әйтпесе контент шығармай қойсаң, пост жазбай қалсаң, шаршап, көңілің түседі.

Жоқ, сенің постың на самом деле ешкімге керек емес, контент сұрап жүрген жандарға да негізі бәрібір. Ол тек саған керек. Саған керек болса, болды, сол жетеді.

Сенің шабытың олардың қол шапалақтары мен лүпілдері болмасын, сен өзің үшін ғана жасайсың. Сонда бәрі жақсы болады.

Қаншама адамдардың депрессияға түсетіні негізі осыдан. Халықтың назарына тойып жүріп, бір күні хейтке жолыққан кезде, түңіліп кетеді. Сен ондай болма.

Әрине, бұл ғибадатқа қатысты емес. Ғибадат алдымен Алла үшін болу керек
1 view02:30
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:30:17 Адамдар әртүрлі, ешкім бірдей емес.

Сол үшін сен сияқты "мықтылар" бола бермейтінін түсініп, успокойся)
1 view02:30
Ашу / Түсініктеме