Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2022-07-03 09:14:41 Шәкірт сабақ барысында ұстазбен жағаласып сөйлеу әдепсіздік.

Әрі ұстаз айтқан сөзді басқа көркемдеу сөзбен дұрыстап қою немесе сол сөзіне қосымша бір сөз айту да әдепсіздік.

Ұстаз сіз білетін мәселені айтса оны білмегендей отыру әдептілік. Жағаласып сол мәселені өзіңіз айтып тастау немесе “иа, иа, білемін” немесе “иа, бұл мәселені естігенмін, пәленше ұстаз айтып берген еді” немесе “пәленше кітаптан оқыған едім” деп айту әдепсіздік.
1 view06:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 09:10:37 Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудданың "Қиматуз-заманның" сегізінші басылымға ренжіп жазған кіріспесінен көп пайда алдым.

Шейх кіріспеде өзінің кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамаған замандастарына қатты ренжігенін айтады. Өз заманында оның кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамағандарды атап кетеді. Бұндай амал ғалымдардың ахлағы емес екендігін айтып, сілтеме жасаудың маңыздылығы жайлы олардың сөздері мен кітаптарынан мысал келтіреді.

Бұл мәселе қазіргі кезде де өршіп тұр. Бір каналдан, парақшадан көрген, оқыған пайдалы білімді алып, өзіміздің парақшаларымызға өзіміз тапқандай, өзіміз жазғандай кейде сілтеме бермей саламыз. Ал бұл, білімге деген қиянат болады.

Алла Тағала баршамызды аманатшыл болуымызды нәсіп етсін!
1 view06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 09:09:30 فَإِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا

Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар.
(«Инширах» сүресі 94:5)

Бұл аят Алла елшісі ﷺ жақсы көретін жеңілдіктің және жақсылықтың белгісі мен үміттің рәмізі болмақ.
Ал біз аяттағы “مع" “бірге” сөзін түсініп көрейік.

Ғалымдардың бұған қатысты 3 түрлі көзқарасы бар. Оның үшіншісі негізгі көзқарас болып саналады. Және олардың бір-бірінен айырмашылығы өте нәзік.

1. Өмірде тек қана қиыншылық емес мағынасында. Бәлки адамның өмірінде болатын қиыншылыққа қарама-қарсы жеңілдік те бар. Егер адам өмірді дұрыс түсінгісі келсе онда ол өмірдің бір бөлшегіне ғана емес оған кәміл назар салуы керек. Егер біреу бір қиыншылыққа тап болса, оның өмірінің басқа бір бөлігінде жеңілдік бар. Ол денсаулық, амандық, салиқалы әйел және т.б. өмірінің жайлы тұстарын айтсақ болады. Осыған қарай аяттың мағынасы: “Ей мүміндер! Өмір қиыншылық пен жеңілдік, қайғы мен қуаныштан тұрады”, - десек болады. Бұл бірге сөзінің мағынасының бірінші көзқарасы.

2. Өмірде қиыншылық пен бірге жеңілдік бар мағынасында емес, сол қиындықтың дәл өзінде жеңілдік бар. Егер сен қиыншылыққа назар салсаң, сен онда жеңілдіктің бар екенін көресін. Яғни 100/100 қиын нәрсе жоқ. Ол қиыншылықтың ішінен жеңілдік те шығып тұр. Тек оны көре білу керек. Алла Құранда: “Қиыншылықтан кейін жеңілдік бар” деген жоқ. “Қиыншылықпен бірге жеңілдік бар”, - деді. Құдды бір жеңілдік сол қиыншылықтың ішінен пайда болатындай.

Ендеше бірінші пікір бойынша өмірде қиыншылық пен оған қарама-қарсы өзге жеңілдік бар. Ал екінші пікір бойынша қиыншылықтың өзінде жеңілдік бар, тек адам оны көре алу керек.

3. Ал енді үшінші көзқарасқа келер болсақ және бұл көзқарас негізгі көзқарас болып саналады. Ол қиыншылықпен бірге артынша жеңілдік бар мағынасында.

Сүрені толық оқыған адам бұл мағынаны сезіне алады. Сүре құдды былай деп жатқандай: “Я Расуллаллаһ! Сен хақты жеткізудің жолында көптеген қиыншылықтарға, уайым мен қайғыға, түрлі мүшкілдерге тап болдың. Сені сиқыршы, балгер деп жала жауып, түрлі сөздермен сені сөгіп, жамандады. Осы барлық сынақтар мен қиыншылықтардан сен өттің. Енді міне, қиыншылықтан кейін жеңілдіктің уақыты келді.”

Демек аяттың мағынасы: “Әрбір қиыншылықтан кейін бірге жеңілдік бар.” Бірақ Алла Тағала неге аятта “кейін” сөзін қолданудың орнына “бірге сөзін қолданды? Өйткені ол жеңілдік жақын. Құдды бір жеңілдік қиыншылықпен бірге секілді. Ендеше аяттың мағынасы Талақ сүресіндегі: سيجعل الله بعد كل عسر يسرا “Алла Тағала әр қиындықтың артынан жеңілдік нәсіп етеді”, - аяттың мағынасы секілді.

Шейх Адһам әл-Асимидің сабағынан аударылды.

Ал Талақ сүресіне қатысты ғалымдар ерекше ой айтқан. Егер осы жазбаны толық оқыған болсаңыз пікіріңіз бен реакцияңызды қалдыра кетіңіз, келесіде Талақ сүресіне қатысты ғалымдардың айтқан ерекше ойын жазамыз.
1 view06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 09:06:48 Хазреті Абдулла ибн Масғуд айтты: “Уаллаһи! Тіл секілді қыспаққа(қамауға) мұқтаж ешнәрсе жоқ.”
1 view06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 09:05:20 Бірде Пайғамбарымыз ﷺ Хазрет Хаким ибн Хизамды құрбандыққа мал сатып алуға 1 динар беріп, өз атынан өкіл етіп жұмсайды. Сонда Хазреті Хаким малды сатып алып, оны 2 динарға сатып жібереді. Артынша тағы бір мал алып, Пайғамбарымызға ﷺ құрбандық пен 1 динарын қайтарып береді Бұл ісіне Пайғамбарымыз ﷺ қарсы шықпай, қабыл етеді.

Бұл сауданың түрін фиқһта بيع الفضولي Байь әл-Фудули деп атайды. الإجازة اللاحقة كالوكالة السابقة “Кейін берілген рұқсат алдың тапсырылған өкілеттілік секілді.”

P/S: Бір істі өзгеге тапсырсаң Хазреті Хакимдей кісіге тапсыр
1 view06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 08:56:23 Адамдардың мәңгі өмір сүруге ұмтылуы, қалауы ақыреттің бар екеніне дәлел.
1 view05:56
Ашу / Түсініктеме