Get Mystery Box with random crypto!

Ulan Post

Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post U
Telegram арнасының логотипі ulanpost — Ulan Post
Арна мекенжайы: @ulanpost
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-02-24 05:29:41 "Исмаилиялар" туралы жазсам, өте көп мәлімет. Өз ара олар да көпке бөлінген, сенімдері енді қорқынышты.

Сондықтан "Мазхабтар тарихы" деген Смайыл Сейтбек ұстаздың кітабын оқып алыңыздар.

Ал мен емтиханға дайындаламын)
1 view02:29
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:27:12 Араб тілінің бір қызығы – әйел сөзі "имра'а" (امرأة), оның көпше түрі жоқ.

Ал әйелдер болса "ниса" (نساء), оның жекеше түрі жоқ.

Тіпті араб тілінің де әйелдерге әлі жетпейді)
1 view02:27
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:26:50 "Бұрынғы мұсылмандар күнә жасаса, оны мойындап, Алладан кешірім сұрайтын болған. Ал қазіргілер күнә немесе шариғатқа қайшы амал жасаса, пәлсапалыққа салынып, оны ақтап алуға, адалдап алуға тырысады". Шейх Мужир әл-Хатыб (Алла ол кісіні өз панасына алсын).
1 view02:26
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:25:57 Қазір тоқсаныншы жылдар емес, адамдардың құлағына өтірік қиссаларды іле беретін.
1 view02:25
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:25:12Не айтсам да, не істесем де, соны жасағаным үшін Алланың құзырында айтатын жауаптарымды міндетті түрде дайындап қоямын”.

Ибн Дәқиқ әл-Ғид (рахимахулла)

#мухасаба_шыңы
1 view02:25
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:24:10 Ескендір ағамен болған сұхбатта кәсіпкердің міндетті түрде уақыт табуы керек мына бір үш нәрсені айтты:

1. Менеджмент
2. Маркетинг
3. Қаржы

Сол кездегі ойым исламтанушы да үш нәрсеге бір күн ішінде уақыт та, энергия да таба алуы қажет:

1. Оқу (өзінің күнделікті оқу әдеті)

2. Жазу (Кітап, мақала)

3. Айту (рилс, ютуб т.с.с)

Көбіне бір күн кітап оқысаң, жазу мен айтуға энергияң таусылады.

Дәл сол секілді 2-3 видео түсіріп дағуат қылсаң, күннің межесі орындалды деп оқу мен жазуға селқостық танытасың.

Ал егер бір күнде осы үшеуіне де энергияң жетсе, сенен мықты адам жоқ екеніне көзім жетті.
1 view02:24
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:23:20 Кітапқа құмармын деп кітапқа ақша таппай жүргендер көп.

Бірақ, темекіге құмар адамның темекісіз жүргенін көрмедім.

Кейде біз айтып жүрген құмарлықтар жәй ғана уақыт арасындағы қызығушылық қана.
1 view02:23
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:23:16 “Қатеңді білдірме!

“Кешіріңіздер, кешігіп қалдым” деп айтпа, оның орнына күткендеріңізге рахмет деп айт.

“Ұмытып кетіппін” деп айтпа, есіме түсіргеніңізге рахмет деп айт….”

Осы секілді қу тәкәппарлықты яки негізсіз тәлпіштікті қою керек)

Кешіксеңіз кешігіп жатқаныңды айтуда еш айып жоқ. Келесіде үйден ертерек шық.

Ұмытсаң ұмытқаныңды айтуда да ешқандай айып жоқ. Құран да хадисте де, егер ұмытсаң осылай жаса деп жол көрсетілген.

Әрбір мотивациялық жазбаларды оқыған сәтте тіпті жүз мәрте ой елегінен өткізуіміз қажет.

Әйтпесе күндердің күнінде көзімізді шел басқан, қу тәкәппарлық буынан шыға алмай қалармыз.
1 view02:23
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 04:59:11 Если есть что терять, то человеком легко управлять. Если нечего терять, то человеком трудно управлять. Поэтому шайтан сперва внушает чувство владения и хозяйничества. А потом человек начинает считать что он чем-то или кем-то владеет. И вот после этого человеком легко манипулировать. Ведь он боится потерять то, что считает своим. 

Если человек понимает, что всё в этой жизни пришло к нему чтобы потом от него уйти, а не остаться у него, то он не пытается ничем и никем владеть. Поэтому, ему нечего терять. Следовательно, он не подвластен шайтану. Он свободен. Он независим...

Если вы устали или истощились, то спросите себя: что или кого я считаю своим и ошибаюсь в этом? Что от Бога я приписал себе? 
1 view01:59
Ашу / Түсініктеме
2023-02-10 17:35:51 "Әйелдерге қамқор болу және қорғау керек. Сонда ер мен әйел теңдігіне ешкім де пысқырмайды"

Феминизмнің пайда болуына кім кінәлі? Феминизмді біз, еркектер өзіміздің жауапсыздығымыз бен әлсіздігімізді әдемі ақтап алу үшін ойлап тапқанбыз. Әйелді жүкті қылып, тастап кетеміз. Ол өзі тәрбиелеп шығады, теңқұқылымыз ғой. Ең арзан жұмыс күші - жалғызбасты балалы әйелдер. Олар баласы үшін бәріне - кез келген қиындыққа төзеді. Өйткені олар - ана. Бірақ сен (әйел) еркектермен бірдей жұмыс істейсің, біз теңбіз ғой. Барлық қызмет көрсететін орында әйелдер: стюардесса, жолсерік, даяшы, сатушы т.б. Бірақ сен (әйел) жұмыс істе және қызмет ет. Өзіңнің емес (балаң, інің, ағаң, күйеуің, әкең) бөтен еркекке қызмет қыл. Ал бөтен еркектер қызметің үшін саған (әйелге) қағаз төлейді. Еркектер үшін бұл ыңғайлы, ұнамды және ешқандай жауапкершілік артпайды. Ешқандай жауапкершілік.
Бұрын әйел әйел болмаған: ол бір әкенің қызы еді; бауыры бар қарындас-әпке еді; күйеуі бар, біреудің жары еді; баласы бар ана еді. Енді осы әйелге тиісіп өзіңе, бөтен еркекке қызмет қылуға мәжбүрлеп көр. Сен оның барлық ер адамдарынан көресіні көресің. Өйткені әйел - жанұя мен еркектің намысы. Бұрын әрқашан солай еді. Қазірге дейін кез келген жөні түзу мәдениетте және жөні түзу жанұяда әйел - әйел емес - қыз, әпке-қарындас, жұбай, әже, шеше. Ол өзімен-өзі емес. Оның артында оның ер адамдары, жанұясы тұр. Және тек өзі қалаған кезде ғана жұмыс істей алады.

Шешім қарапайым. Бізге ешкімге ешқандай пайдасы жоқ жетілмей қалған бала емес, ең болмаса жанұясындағы әйелдерді қорғап, қамқор болатын еркек болу керек. Анаңыздың, әпке-қарындасыңыздың, жарыңыздың мәселесі туралы ойланыңыз. Оларға қамқор болатын кім? Әрекетсіздігіміз бен эгоизмімізбен феминизмнің себебі өзіміз болған жоқпыз ба? Бұл айып емес - еркектік міндет. Кінә - бұл жетілмеген сақалды балалар үшін, ал ерлер үшін намыс пен парыз бар.

Павел Цимбаленко
1 view14:35
Ашу / Түсініктеме