Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды «Шымке | Тіл кеспек жоқ

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

«Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында Lada Priora мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алған Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жолаушының біреуі ауруханада қайтыс болған. Ал «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Қазір ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.