Get Mystery Box with random crypto!

Жеті айда 296 мың адам жұмысқа орналасты Еңбек және халықты | Тіл кеспек жоқ

Жеті айда 296 мың адам жұмысқа орналасты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 153 мың адам жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға орналасса, 122 мың азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жұмыспен қамтылды. Ал 6,9%-ы ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар жұмыс күші тапшы өңірлерге 1 147 отбасы қоныс аударды. Олардың ішінде 540 адам – шетелден келген қандастар. Өңірлер арасында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді, Қарағанды және Ұлытау облыстары бұл көрсеткіш бойынша артта қалып келеді. Қоныс аударушылардың жартысына жуығы немесе 44%-ы - 29 жасқа дейінгі жастар.

Дереккөз: sputnik.kz