Get Mystery Box with random crypto!

«Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша айыпталған Саят Әділбекұлын | Тіл кеспек жоқ

«Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша айыпталған Саят Әділбекұлының ісі жабылды

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Динара Егеубаева жариялады. Саят Әділбекұлының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамында болуы дәлелденбегендіктен, қылмыстық іс тоқтатылған.

Еске салсақ, Саят Әділбекұлы қаңтардың 5-і күні Алматыда оқ тиіп жараланып, ауруханаға түседі. Кейін оны сол жерден полиция алып кетеді. Бостандыққа шыққан соң ол тергеу изоляторында азапталғанын айтты.