Get Mystery Box with random crypto!

«Мал ұрладың деп айыптап, азаптады» Түркістан облысының тұр | Тіл кеспек жоқ

«Мал ұрладың деп айыптап, азаптады»

Түркістан облысының тұрғыны Нұрболат Өмірбеков «екі қой ұрлады» деп күдікке ілініп, ұсталған. Оны Сауран ауданы полиция бөлімінде полиция қызметкерлері ұрлықты жасадың деп, басына қап кигізіп, ұрып соққан. Оның полицияда азапталған кезде айқайлағаны сол кабинетке жақын орналасқан дәліздегі камераға жазылып қалған.

Кейін Өмірбековтің қой ұрлығына қатысы жоғы анықталып, күдіктілер қатарынан алынған. Ол "өзін азаптаған" бес полицейдің үстінен арыз жазған. Бес полицейдің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, алайда қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

Дереккөз: azattyq