Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 206

2021-07-26 13:11:39 Тұрмыстағы зорлық-зомбылық қайталанса, енді татуласу мүмкін болмайды

ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк татуласу рәсімін толық жоюды жоспарлап отырғанын айтты. Себебі күйеуінен қорыққан әйелдер көбіне өз шағымдарынан бас тартады.

«Жалпы ішкі істер органдарына 190 мыңға жуық өтініш келіп түссе, оның тек төрттен бірінде сот ісі қозғалған. Барлық қозғалған әкімшілік істердің 60%-ы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады», – дейді Алексей Милюк.
120 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 12:51:32
Арыстағы жарылысқа байланысты айыпталған 16 адамға үкім шықты

Сот олардың 12-іне 4 мен 10 жыл аралығында түрме жазасын берді, ал 4-і шартты түрде сотталды. Шартты жаза мерзімі 4 пен 7 жыл аралығы.

@azattyq
197 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 12:13:10 Түркістан облысында жалған медициналық құжат жасап, сатқан 3 азамат анықталды. Оның біреуі медицина қызметкері.

Тергеу басқармасы дәрігердің коронавирустың өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасынан өтушілерге жалған медициналық құжаттар жасап, сатқанын атап өтті.

Анықтамалар 3-8 мың теңге аралығында сатылған.  Аталған құжат медициналық мекеменің шақыруымен келемін деген желеу арқылы Қазақстанның аумағына өтуге рұқсат үшін жасалған.
105 views09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 09:01:19
@currenttimeasia олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыларға қанша төлейтінін анықтады.

Қазақстан тізімде екінші орында. Жеңімпаздарға $250 мың төлемек. Сыйақы мөлшері көршілес Ресейден 4 есе, Тәжікстаннан 9 есе көп.

Бұл жерде қандай гәп бар?
304 viewsedited  06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 12:14:11
Сүйінші, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль қосылды.

Ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Игорь Сон қола медаль алды.
89 views09:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 14:11:07 116 жыл бұрын, 1905 жылы 22 шілдеде (кей деректе 25 шілде деп көрсетілген) бір топ беделді қазақ Ресей патшасы ІІ Николайға петиция жолдады. Құжат Қарқаралы петициясы деп аталды. Онда қазақтар өкіметтен маңызды мәселелерін шешіп беруді талап еткен. 
 
masa.media осы петиция туралы бірнеше фактіні айтып береді. 
 
Сол жылдары петиция өкіметке пікір айтудың басты жолы болды
 
ХХ ғасырдың басында отаршыл патша өкіметіне пікір айтудың басты жолы петиция болды. 
 
Алғашқы петицияларды 1902–1903 жылдары діни қайраткерлер жолдады. Олар патшадан қазақтарды кристиан дініне кіруге үгіттемеуді, діни қызметкерлер мен молдалардың қызметіне қолдау көрсетуді талап еткен.
 
Орыс революциясынан кейін 1905 жылы петициялық қозғалысты Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақпаев, Ахмет Байтұрсынұлы мен Темірғали Нұрекенов бастады.
 
Қарқаралы деген жерде қабылданды
 
Қазақстан тарихындағы бірінші ірі петиция — Қарқаралы петициясы Қарқаралы қаласы (қазір Қарағанды облысында) маңындағы Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде әзірленді. Оған Семей облысының Қарқаралы уезінің 42 қазағы қол қойды. Кейін басқалары да қосылды. 
 
Құжат патшаға, ал көшірмелері министрлер мен «Сын отечества» и «Русские ведомости» газеттерінің редакциясына жолданды. 
 
Не мәселе көтерілді
 
Петицияшылар қазақтарға Мемлекеттік думаға (өкілдер органы, бізше — парламент) сайлану құқығын беруді талап етті. 
 
— Иә, біз мал шаруашылығымен айналысамыз, сол үшін көшіп-қонуға мәжбүрміз. Біз қаңғырып жүрген жоқпыз. Бұл бізді земство жиылысына қатысу құқығынан айыруға болады деген сөз бе? Мал жаятын қырғыз (орыстар қазақты казактармен шатастырмау үшін қырғыз деген — ред.) неге мұндай маңызды саяси құқықтан айырылуға тиіс? (...) Қырғыз қоғам және мемлекет істерінде орыс шаруаларынан кем түсетіні дәлелденбеген,делінген петицияда. 
 
Петицияшылар патшадан:  
 
• ауыл, болыс басшылары мен хатшыларды сауатты қазақтардан тағайындау;
• қазақ ауылдарына кристиан уағызшылардың келуіне тыйым салу;
• емін-еркін мешіт, медресе салу, типография ашып, газет, кітап шығаруға рұқсат беру;
• іс қағаздары, құжаттар қазақ тілінде жазылуын; 
• би сотын әділет министрлігіне бағындыру; 
• қазақтарға балығы, тұзы бар өзендер мен ормандарды пайдалану, зауыт салу, пайдалы қазбалары бар жерді жалға беруге рұқсат беру; 
• Ресейдің кез келген жерінен жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беруді және тағысын-тағын сұрады. 
 
Түрлі нұсқасы бар аударма 
 
Патшаға ғана емес, министрліктер мен газет редакцияларына жолданғандықтан петицияның бірнеше нұсқасы болған. Ең үлкенінде патшаға 47 талап қойылған. Оны орысшаға Темірғали Нұрекенов аударды.  
 
Қандай нәтижесі болды 
 
Петициядан кейін қазақтар Мемлекеттік думаға сайлана бастады. Жалпы, 9 қазақ оның екі шақырылымына мүше болды. 
 
Қалған талаптар орындалмады. 
 
— Петиция жолдау Қазақстанның ХХ ғасырда саяси өміріндегі басты жаңалықтардың бірі болды. Онда қазақ қоғамының көкейкесті мәселелері: тіл, дін, білім, шаруалар көші-қоны, іс жүргізу және тағысын-тағы толықтай көрсетілді. Жоғарғы мемлекеттік органдарға мұндай өтініш жіберу қазақтардың саяси санасы пісіп-жетілгенін, тапталған құқығын отаршыл өкіметтен қорғауға дайын екенін аңғартты, — дейді тарихшы Зиябек Қабылдинов.

#masahistory
60 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 15:30:06
1917 жылы шілденің 21-26 аралығында Орынборда І жалпықазақ съезі ашылды. Онда қазақтардың ұлттық автономияға құқығын қорғау, сондай-ақ «Алаш» партиясын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан, 21 шілде қазақ тарихындағы айрықша күн.

Бұл съезде ең маңызды мәселелер ретінде мемлекет басқару түрлері, автономия, жер мәселесі, оқу-ағарту, әйел теңдігі сияқты өзекті мәселелер талқыға түскен.

«Алаш» партиясын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов және тағы басқа либерал-демократияшыл қазақ зиялылары ұйымдастырды. Ал партияның бас мақсаты — XVIII-XIX ғасырларда ыдырап кеткен қазақтардың ұлттық мемлекетін қалпына келтіру, президенттік институтты енгізу еді.
1.0K views12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 13:02:35
OCCRP: Тоқаев телефоны тыңдалуы мүмкін деген адамдар тізімінде бар
104 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 11:27:58
97 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 11:27:27 Полиция департаментінің алдындағы екі күн аштық: не болып жатыр?

Тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай мен партия жақтастары екі күн бойы Алматыдағы полиция департаментінің алдында түнеп, аштық жариялады. Олар белсенді Абзал Достияровты босатуды талап етіп жатыр.

Не болып жатыр?

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі "Демпартияның" жеті өкілінің аштық жариялап жатқанын хабарлады. Олар ғимараттың сол жағындағы темір күркенің астында түнеген. Полиция өкілдері оларға шараның "заңсыз" екенін ескерткен. Полиция ғимаратының алдын арнайы жасақтың бірнеше өкілі күзетіп тұрды. Наразылар «талаптарымыз орындалмайынша, бұл жерден кетпейміз» дейді.

Абзал Достияров деген кім?

6 шілде Демпартия митиңінде бұзақылық жасады деп 6 тәулікке қамалған белсенді. Ол дүйсенбі бостандыққа шығуы керек болған. Десе де, сол күні кешке митиңге қатысқаны үшін тағы 15 тәулікке жапқан. Адвокаты Жанар Балғабаеваның сөзінше, уақытша қамау изоляторында Достияровқа "қысым жасалған". Сондай-ақ оны ұстап әкетпек болғанда, соққыға жығылып, екі рет жедел жәрдем шақыртқан. Достияров та «полицияның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіріп», аштық жариялаған.
149 viewsedited  08:27
Ашу / Түсініктеме