Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 200

2021-08-10 13:20:24
Алматы облысында қызды зорламақ болған ҰҚК-ның (КНБ) экс-қызметкері 9 жылға сотталды

Жәбірленушінің сөзінше оқиға былтыр қыркүйекте болған. Айыпталушы оны үйіне дейін жеткізіп салмақ болып, көлігіне отырғызған. Бірақ адам жүрмейтін жерге апарып, қызды ұрып-соғып зорлауға тырысқан. Кейін жәбірленуші жүргізушінің көліктен шыққанын пайдаланып, қашып шыққан. Алайда ол қуып жетіп, шашынан сүйреп ұра бастаған. Кейін өзге бір көлікті байқап, өз көлігіне мініп қашып кеткен.
82 viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 12:31:30 Коронавирусқа қарсы Қытайдан жаңа Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілді

Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін министрліктің рұқсат қағазына сәйкес, барлық өңірге жіберіледі.

Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан Sinopharm компаниясынан 4 млн доза вакцина сатып алған. VeroCell - Қазақстанда тіркеуден өткен бесінші вакцина.
99 viewsedited  09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 08:45:44 Қазанда Pfizer вакцинасы келеді

Бірақ Алексей Цой «бұл вакцинаға дәмеленбеңдер» деді. Себебі ол тек балалар мен жүкті әйелдерге салынады.

Денсаулық сақтау министрі АҚШ вакцинасын күтпей, қазір бар екпені салуға шақырды. Сондай-ақ, осы апта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған Қытай вакцинасы келетінін айтты.
106 viewsedited  05:45
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 14:35:03
Миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды

Ол Forbes тізіміне енген 50 бай кәсіпкердің бірі, Bipek Auto – Asia Auto компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы. Оның байлығы 153 млн долларға бағаланған.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика сайтына сүйенсек, Балушкин тергеуден қашып кеткен.
137 views11:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 14:12:43
Ақтөбеде жүзге жуық адам Feminita ұйымының жиынын өткізуге қарсы

Олар наразылыққа ұйымның «13 тамыз күні Ақтөбеде ЛГБТ өкілдерінің жиыны болады» деген жазбасынан соң шыққан.

Жиналғандар «Дәстүр мен дінге қайшы қозғалыс өкілдерін әкімдік Ақтөбеге кіргізбесін» деген жазбаша талабын жергілікті әкімдікке жолдамақ.
828 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 12:59:03
Ал мониторинг тобы тексеруге түстен кейін келген.

Олар «Black Star Burger» тарапынан құқық бұзылғанын тіркеген. Бірақ әлі қаланың санитар-эпидемиология бақылау департаментіне өткізбеген.

Сәдуақас Байғабылов мәлімдеуінше, мониторинг тобының материалынсыз оларды әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды.
136 viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 12:58:56
Адам өмірінен артық бургер

Кеше Алматыдағы Royal Tulip қонақүйінде Black Star Burger ашылды. Онда карантиндік шектеуге қарамай, танымал отандық жұлдыздар бала-шағасымен жиналған.
120 viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 12:30:11
Қарағандыда той жасаған шенеунік қызметінен босатылды

7 тамызда жер қатынасы басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов 500 адамға той жасаған. Шенеунік қызының үйлену тойын полицияның арнайы көліктері күзеткен. Көліктер қаз-қатар тұрып, бейтаныс адамдарды жақындатпаған.
114 viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 13:47:16
Павлодардан лоңборд айдап шыққан Ришат Шайхитдинов Алматыға жетті

Жиһанкез саяхатын 22 шілде күні бастаған еді. Бүгін мақсатына жетті

Сапар барысын ол әлеуметтік желідегі парақшасына күнделікті жүктеп отырды.

@rishat.bro
104 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 13:03:27
Саяси тұтқын Асқар Қайырбек түрмеде аштық жариялады

Астаналық белсенді «экстремистік ұйымның жұмысын ұйымдастырды және қатысты» деп айыпталып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Адвокаттың айтуынша, оның аштық жариялағанына бүгін бес күн болды.

Талабы – өзің ақтау, істі қайта қарап әділ үкім шығару.
112 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме