Get Mystery Box with random crypto!

1917 жылы шілденің 21-26 аралығында Орынборда І жалпықазақ съе | Тіл кеспек жоқ

1917 жылы шілденің 21-26 аралығында Орынборда І жалпықазақ съезі ашылды. Онда қазақтардың ұлттық автономияға құқығын қорғау, сондай-ақ «Алаш» партиясын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан, 21 шілде қазақ тарихындағы айрықша күн.

Бұл съезде ең маңызды мәселелер ретінде мемлекет басқару түрлері, автономия, жер мәселесі, оқу-ағарту, әйел теңдігі сияқты өзекті мәселелер талқыға түскен.

«Алаш» партиясын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов және тағы басқа либерал-демократияшыл қазақ зиялылары ұйымдастырды. Ал партияның бас мақсаты — XVIII-XIX ғасырларда ыдырап кеткен қазақтардың ұлттық мемлекетін қалпына келтіру, президенттік институтты енгізу еді.