Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 202

2021-08-05 09:13:46
Сәкен Бибосынов қола медаль алды

Осымен Қазақстан құрамасында бес қола бар: дзюдодан Елдос Сметов, ауыр атлетикадан Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев.
163 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 08:41:20 Талдықорған әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова қызметкерлері пара алғаны үшін жұмыстан шықты

Пара алды деген күдікпен қаланың кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен бас маманы ұсталды.

Олар карантинде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана иелері мен көшедегі сауда-саттық нысандарынан 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған.
161 viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 08:32:21 Сарапшылар «Covid-тен өлімнің көбеюіне дельта штамм пен вакциналаудың баяулығы әсер етті» дейді.

Азаттық сауалына жауап берген Санитар-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталық директорының орынбасары Манар Смағұл:

Коронавирустың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "алаңдаушылық тудырады" деп атаған түрлері адамнан адамға тез жұғатынымен ғана емес, науқастың оны ауыр өткеруімен де байланысты... Былтырғы және биылғы статистиканы салыстырсаңыз, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жаңа мутациямен байланысты өлім-жітімнің көбейгенін байқайсыз.

Вирусолог Алмаз Шарман пікірінше, Қазақстанда коронавирустан көз жұматындардың артуына басты себеп – вакцина салу қарқынының баяулығы.

– Бірінші себеп – Қазақстан халқының 80 пайызы вакцина алған жоқ, бұл – вирустың көбейіп, дамуына, мутациялануына жағдай жасайтын ыңғайлы, тіпті идеалды орта. Мұндай ортаға дельта сияқты өте агрессивті, жұқпалы дельта вариант келсе, жағдай анағұрлым нашарлайды, – дейді Шарман.

@azattyq
118 views05:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 08:23:22 Тағы да жаңа рекорд:

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 7792 науқас тіркелді. Ковид пен пневмониядан 158 адам қайтыс болды.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 1434
Алматы қаласында - 1570
Шымкент қаласында – 535
Ақмола облысында – 259
Ақтөбе облысында - 403
Алматы облысында - 320
Атырау облысында - 397
Шығыс Қазақстан облысында - 288
Жамбыл облысында - 160
Батыс Қазақстан облысында - 185
Қарағанды облысында - 931
Қостанай облысында - 279
Қызылорда облысында - 205
Маңғыстау облысында - 225
Павлодар облысында - 303
Солтүстік Қазақстан облысында - 151
Түркістан облысында - 147
122 viewsedited  05:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 14:21:37 Атырауда әкімдік қоғамдық көлікке тек ASHYQ қосымшасы арқылы кіргізбек

Бірақ балалар мен смартфоны жоқ азаматтар не болмақ? Бұл түсініксіз
85 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 11:55:08
Атырауда «Residence Ardager» тұрғын үйінде лифт 15-қабаттан шахтаға құлады

Оқиға орнында бір адам қайтыс болды. Екіншісі ауыр халде ауруханада жатыр.
101 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 09:04:45 Астанада жұмыстан кеш шыққан жүкті әйелін күйеуі сабаған

Әйел жұмыстан бар жоғы 15 минутқа кеш шыққан. Араға түспек болған қайын енесіне де қоқан лоққы көрсетіп, ұрған.

Соттың шешімімен 36 жастағы ер 15 тәулікке ғана қамауға алынды.
109 viewsedited  06:04
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 08:32:15
Досаевтың ізімен

Тоқаевтың өзі жұмыстан босатқан Сапархан Омаров жаңа лауазымға сайланды.

Енді шенеунік «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы атанды.

Экс-министр қуаңшылық кезінде дұрыс қызметін атқармағаны үшін сыналған еді.
112 viewsedited  05:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 06:43:14
Еліміздегі халық саны 19 миллионға жетті!

Тоқаев парақшасында 19 миллионшы азаматтың ата-анасын құттықтады.
Ол Алматы облысында дүниеге келген — Жәния Азаматқызы.
119 viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 15:06:51
Осындай әкімдердің кесірінен мемлекеттік қарыз ай сайын миллиардтап өсіп жатыр

Мысалы, сәуірде Қазақстанның мемлекеттік борышы 23 трлн 30 млрд теңге болса, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 23 трлн 172 млрд теңгеге жеткен. Яғни екі айда мемлекеттік қарыз 141,3 млрд теңгеге өскен.

Оның ішінде Үкіметінің ішкі қарызы 152 млрд теңгеге азайса, сыртқы қарызы 302,3 млрд теңгеге көбейген.

@atamekenbusiness_qaz
4 views12:06
Ашу / Түсініктеме