Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 205

2021-07-28 15:23:31 Вакцина құжатын сатуға қатысты ІІМ орынбасары Арыстанғани Заппаров:

«Жалған вакцина паспортын жасағаны үшін 4 жылға сотталады, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алынады»

Биыл полиция 86 қылмыстық іс қозғаған, оның 39-ы жалған вакцина құжаты және 47-сі ПТР-анықтама бойынша ұсталған.
172 viewsedited  12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 15:00:42 14 жасар қызды зорлаған молда 20 жылға сотталды

Айыпталушы Қарағанды облысындағы мешітте молда. Ол былтыр үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, жасөспірімді зорлаған. Кейін тағы да 3 рет зорлаған. Қазір жасөспірімнің аяғы ауыр.

40 жастағы молда кінәсін жартылай мойындады. Оның адвокаты жазасын жеңілдетуге тырысқан. Бірақ сотта оның айыбы дәлелденіп, 20 жылға сотталды.

Сотта «Үкім әлі заңды енгізілген жоқ. Бірақ қылмыстық кодексте мұндай қылмыс үшін 20 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар айыпталушының 3-топ мүгедек екені және бұрын сотталмағаны, жәбірленушінің пікірі де ескерілді» делінген.

Сондай-ақ, ол өзің имам екенін айтқан, бірақ ресми дін басшылары оның мүфтиятқа қатысын теріске шығарды.
114 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 14:19:51 Алматыда ПТР тест тапсыру кім үшін тегін?

Қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев сөзінше, бұл – жүкті әйелдер, науқаспен байланыста болған және симптомы бар адамдар.

Одан бөлек, ол короновируспен күресте вакциналаудың маңызын атап өтті. Өткен тәулікте 5001 адам екпе салдырған. Жалпы вакцина салған адамдардың ішінде, 96553 адамның жасы 60-тан асқан.
472 viewsedited  11:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 14:05:14

Түрікменстан тарихындағы алғашқы олимпиадалық медаль

21 жастағы Ауыр атлет Полина Гурьева Токиодағы жазғы олимпиада күміс медаль алды. Ол 59 келі салмақтағы дәреже бойынша жұлқи көтеруде — 96 келі, ал серпе көтеруде 121 келіні бағындырып, жалпы 217 келі көтерді.

Түрікменстан олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысады. Осыған дейін ешқашан орын алмаған.
102 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 14:03:09 Ауыл әкімдерін алғашқы тікелей сайлаудың қорытындысы жарияланды

Сайлауға 2 297 адам өз кандидатурасын ұсынып, олардың 730-ы әкім атанды. Eң көп орын «Nur Otan» партиясының мүшелеріне, ең аз орын – өзін-өзі ұсынған кандидаттарға берілді.

Ең жас әкім — 26 жаста, ал ең үлкені – 62 жаста.
98 views11:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 10:38:08 LinkedIn әлеуметтік желісі неге бұғатталды?

Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігінің мәліметінше, бұл желіде заңбұзушылық тіркелген. Интернет-казино жарнамасы мен жалған парақшалар анықталған.

Министрлік сайтқа ескерту жолдаған, бірақ Linkedin әкімшілігі ешқандай шара қабылдамаған.

Сондай-ақ ведомство хабарламасында «Егер Linkedin желісі заң бұзу деректерін жойса, қайтадан қолдануға беріледі» делінген.

Жалпы LinkedIn — бұл іскерлік қарым-қатынасқа, жұмыс табуға арналған әлеуметтік желі.
133 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 06:40:36
Астана маңындағы Қосшы ауылы қала статусына ие болды

Тоқаев жарлыққа қол қойды. Мұнда 60 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың көбі Астанада жұмыс істейді.
193 viewsedited  03:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 06:30:54
"Өз өмірін жақсартуға" уәде берген депутат сайлауда жеңді.

Ол Ерейментау қаласының әкімі атанды.
165 viewsedited  03:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 15:48:57
Сүйінші, Қазақстан құрамасы қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Ауыр атлетикадан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Зульфия Чиншанло қола медаль алды.

Зульфия әлемнің үш дүркін чемпионы. Азия Ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері. Лондон олимпиадасында чемпион атанған. Алайда, 2016 жылдың 19 қарашасында Халықаралық Олимпиада комитеті Чиншанлодан допинг қолданғаны үшін Лондонда иеленген медалін қайтарып алған болатын.

Үшінші медаль құтты болсын, Қазақ елі!
118 views12:48
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 14:06:21
25 шілде Атырау облысы Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олардың талабы – жалақыны өсіру.

ESS – «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясына еншілес мекеме. Бірақ Теңізшевройл бұл жағдайға ESS/Compass-Kazakhstan мекемесінің өзі жауапты екенін айтып, соларға жүгінуді сұраған.
150 views11:06
Ашу / Түсініктеме