Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 201

2021-08-06 12:39:45
Түркістан облысында той өткізу қиындап барады

Карантиндік шектеулерге байланысты, той-томалаққа тыйым салынған. Бірақ адамдар амалын тауып, өткізіп жүр.

Солардың бірі Қарабұлақ ауылынының тұрғыны. Ол қызын таңғы жетіде ұзатқысы келген. Биік қамаумен қоршалған ауласында 150 адамға дастархан жайған. Ол «барлығы ұйықтап жатыр ешкім байқамай да қалады» деп ойласа керек.

Бірақ мониторинг тобы ұйықтамапты. Аспанға дрон ұшырып, оларды ұстап алды.

Енді құдалар қалыңмал емес, айыппұл төлейді-ау.
108 viewsedited  09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 12:12:13
Қазақстанда жерлеу қызметінің құны өсті ме, әлде өлім көбейді ме?

Биыл қантар, ақпан, наурыз айында жерлеу рәсіміне 802,9 млн теңге жұмсалған. Бұл былтырға қарағанда 82,2%-ға көп.

Өлім деңгейі де күрт өскен. Үш айда 36 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал былтыр шамамен 31 мың өлім тіркелген.

finprom.kz
95 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 11:15:23
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығына
экс-министрдің есімі берілді

Астанадағы орталықтың атауы 2016 жылы қайтыс болған бұрынғы денсаулық министрі Салидат Қайырбекованың құрметіне өзгертілді.

Алексей Цойдың сөзінше, ол қарапайым невропатологтан көтерілген денсаулық сақтау министріндегі алғашқы әйел.
104 views08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 08:16:10
Ольга Рыпакова олимпиадалық мансабын аяқтады

«Мен Ольга Сахадухина мен Катерин Мена сияқты керемет қыздармен өнер көрсеткеніме қуанамын. Олар сияқты Токиодағы Олимпиада мен үшін де мансабымдағы соңғы ойын болды. Бірақ олар ең керемет үштік болды және солай қала бермек», – деп жазды спортшы өзінің парақшасында.
45 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 07:22:49
Еуроодақ қуаңшылықтан зардап шеккен отбасыларға 200 мың еуро көлемінде қаржылай көмек бермек

Шамамен 100 миллион теңге Маңғыстау мен Түркістан облысындағы 6 мың адамға беріледі.

Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.
80 viewsedited  04:22
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 14:36:48
Тағы бір қола!

Жетінші медалға алғысты каратист Дархан Асаділовқа айтамыз.




@tilkespekjoq
633 viewsedited  11:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 13:59:20
+1 қола

Балуан Нұрислам Санаев Токио олимпиадасында қола медаль алды.

Сонымен, алты қола алдық
110 viewsedited  10:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 13:55:11
Қаражанбас кенішінде жұмысшы әйелдер ереуілге шықты

Маңғыстауда мұнайшыларға тамақ дайындайтын Caspian food аспаздарының талабы — жалақыны 2 есе өсіру және еңбек жағдайын жақсарту.

Олар президенттен көмек сұрап, видеомәлімдеме жасаған.

Басшылық әйелдердің талабын тыңдап, мәселені қарастыруға уәде берген.
165 viewsedited  10:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 10:39:08 Қазақстан алғаш рет олимпиадада бокстан финалға шықпады

1996 жылдан бергі олимпиадада боксшылар кем дегенде бір алтын алатын.

Олимпиада чемпиондары:
Атланта-1996 — Василий Жиров
Сидней-2000 — Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов
Афина- 2004 — Бақтияр Артаев
Бейжің-2008 — Бақыт Сәрсекбаев
Лондон-2012 — Серік Сәпиев
Рио-2016 — Данияр Елеусінов

Есесіне, осы жолы Токиода Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді.
120 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 09:17:47
Каратэші Дархан Асәділов болса, жартылай финалға шықты.

Ол үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңді. Демек, Асәділовтің еншісінде кем дегенде қола медаль бар
171 viewsedited  06:17
Ашу / Түсініктеме