Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 199

2021-08-13 09:31:54
Шымкентте мәйітхананың алдында кезек қалыптасты

Қалада коронавирустан көз жұмғандар көрсеткіші жоғары.

«Егер бұрын айына 60-70 мәйіт жеткізілсе, қазір күніне 30-35 адам түсіп жатыр. Олардың 80-90% ковидтен көз жұмғандар. 1-2 жағдай ғана инсульттен не инфаркттан қайтыс болғандар», — дейді патологоанатом дәрігер Марат Тоқтасов.

Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустан 600 адам қайтыс болды. Ал шілдеден бері 300-ден аса адам көз жұмған.

Өткен тәулікте 532 жағдай тіркеліп, 13 адам қайтыс болды. Бұл еліміз бойынша Алматы мен Астанадан кейінгі ең үлкен көрсеткіш.
1.4K viewsedited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 14:42:38
Алматыда білім басқармасының тікелей эфирінде мұғалімдер жаппай аты-жөні мен мектеп номерін жаза бастады.

Неге?

Бұл туралы журналист Серікжан Мәулетбай басқарманың басшысы Ләззат Жылқыбаевадан сұрағанда, ол:

«Білмеймін. Біз брифинг болатынын ешкімге хабарлаған жоқпыз. Біздің тараптан мұндай тапсырма болған жоқ. Ал қалада 32 мыңға жуық мұғалім бар. Олар фейсбук қарап не белгіленсе, бұл олардың құқығы», — деп жауап берді.

Егер мұғалімдер өздері эфирге қызығып қосылса, неге аты-жөнін жазып есеп бере бастады?
788 viewsedited  11:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 14:14:34 Астанада коронавирустан нәресте қайтыс болды

Қаланың педиатрлар қауымдастығының жетекшісі Сагира Әбдірахманова айтуынша, сәбидің туылғанына небәрі 11 күн болған.

Оның анасы жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырған. Босағаннан кейін бесінші күні бала ауырған. Миында инсульт дамыған. Дәрігерлер жүрек қан-тамырын тексергенде, тромб қалыптасқанын анықтаған.
122 viewsedited  11:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 13:36:42
Алматыда тұрғын тікелей эфире әкімге сұрақ қоюдың орнына өтініш жасады. Ол қаладағы мейрамхананың бірінде тойдың қашан болатынын айтты

Сағынтаев «мониторинг тобын жіберіп, кімнің қашан өткізейін деп жатқанын анықтаймыз» деп жауап берді.

14 тамыз, «Керемет» мейрамханасындағы тойға дайындалып жүргендер жоқ па
145 viewsedited  10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-12 10:33:52
Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке айыппұл салынды

Сот шешімі бойынша, ол 62 миллион теңгеден астам қаржы төлеуі тиіс. Мұсайбеков биыл ақпанда 15 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Ал министр Ақтоты Райымқұлова орынбасарының кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген.
Әзірге Райымқұлова үкімге реакция білдірген жоқ
128 viewsedited  07:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 16:32:08 Royal Tulip-те ашылған бургер кафесі бойынша жалға алушы мен әнші Луинаға айыппұл салынды

Ал Black Star Burger мен қонақүйге жаза жоқ. Себебі заң бойынша мұндайда бәріне жалға алушы жауапты екен. Жиында болған өзге әншілерге мониторинг тобының жіберген материалы бойынша жауапқа тартады.
46 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 12:09:10 Нью-Йоркте коронавирустың жаңа «йота» деген штаммы анықталды

Ресейлік БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, ол өзге штамм түрлеріне қарағанда 25% тез таралады. Әсіресе, 45 жастан асқан адамдар үшін қауіпті. 65-74 жас аралығындағы адамдардың өлім көрсеткіші 82 пайызға артқан.

Дереккөз: Ведомости
138 viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 07:56:07 Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 % – вакцина алмағандар

Алексей Цойдың айтуынша, екпе салдырмаған науқастар арасында адам өлімі көрсеткіші – 97,7 %, ал вакцина алғандар арасында – 2,3 %.
209 views04:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 06:43:58
Антиваксерлердің көкөсі — Шоқан, вирустың барына әлі сенбейді

Оның айтуынша, әзір ешкім COVID-19 туралы ресми ақпарат ұсынып дәлелдемеген
22 viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме