Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 203

2021-08-03 14:25:34
Халықтың ақшасын жеке PR үшін жұмсайтын әкім

Гүлшара Әбдіхалықова туралы мына материалдың әрқайсысы 275 100 теңге тұрады.

Қызылорда облысының әкімі қуаңшылықтан малы қырылып, аш қалған адамдарға қаржылай көмектескенше, сөзбен «бәрін біріктіріп» мәселесін шешкен.

Бұлай ақшаны далаға шашқанына қарағанда, Қызылорданың халқы бай көрінеді.

@protenge
52 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 13:42:02 Ковидтың кесірінен 4 бала тұл жетім атанды

Алматы облысында 1990 және 1989 жылы туған ерлі-зайыпты Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда келіп түскен. Екеуінде де коронавирустық пневмония асқынып, олар көз жұмды.

Үлкен баласы 9 жаста, ал кенжесі әлі нәресте.

«Әйел ауруханаға түскенде, жүкті болған. Оған кесар тілігі жасалып, нәрестені аман алып қалды. Кішкентай қыз дәрігерлердің бақылауында», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, Алматы облысы әлі «қызыл» аймақта.

@orda_kz
85 viewsedited  10:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 12:59:07 Бердібек Сапарбаев экс-әкімді басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін Тоқаевтан сөгіс естіді. Президент оған бір күнде қатесін түзеуге тапсырма берді.
91 viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 09:54:24 Биыл оқушыларға тек мектеп формасын кию міндетті емес

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасынан бөлек, классикалық стильде киінуге рұқсат берді.

Бірақ министрдің өзі ата-ана және министр ретінде мектеп формасын киюді қолдайтынын атап өтті.
120 views06:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 07:21:05 Бердібек Сапарбаев экс-әкімді басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін Тоқаевтан сөгіс естіді.
Президент оған бір күнде қатесін түзеуге тапсырма берді.
130 viewsedited  04:21
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 15:12:17
Оқушы қыздың зорлануына байланысты әкім қызметінен айырылған шенеунікке жаңа лауазым берілді

Тараздың әкс-әкімі Қайрат Досаев, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оған дейін ол облыстың бас еңбек инспекторы болған.

Екі жыл бұрын Таразда далада орналасқан дәретханада 12 жасар қыз зорланған еді. Осы оқиғаға қатысты Тоқаев әкімді орнынан босатты. Бірақ шенеунік қайтадан басшыға айналды.
745 viewsedited  12:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 14:28:33
Бірақ Еврей қауымдастығының ресми Facebook парақшасын ашсақ, қонақүйдің ішінде де жиын өткенін көруге болады.

Кім кімді алдап отыр?
171 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 14:26:24
Алматыда орталық синагога басшылығына айыппұл салынды

Орталық Rixos қонақүйінінің алдында діни жиын өткізгені үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл төлейді.

Ал қонақүйге келер болсақ,
«Олардың фототүсірілімге қатысы жоқ әрі оқиға сыртта болған. Шара туралы бейхабар болғандықтан, олар жазаға тартылмайды» деді қаланың санитария және эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
124 viewsedited  11:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 13:35:47
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді.

Қазіргі уақытта Ақаев ҰҚК ғимаратында, онда оның қатысуымен «Құмтор» кен орны бойынша қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

: kabar.kg

https://kaz.holanews.kz/news/163935/
111 views10:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 09:51:57
Liter.kz жауапсыз редакция екен. Онсыз да фейкньюс қызып жатқанда бұл басылым ешкімге сілтеме жасамастан, ешқандай растаусыз "екпеден бір отбасы қайтыс болды" деген ақпарат беріпті. Осындай жағдайда ақпаратты қалай тарату керегіне үлгі РИА Новости берген жаңалық - "қайтыс болды деген хабарлама тексеріліп жатыр". Міне, жауапты журналистика осындай болады.
97 views06:51
Ашу / Түсініктеме