Get Mystery Box with random crypto!

Полиция департаментінің алдындағы екі күн аштық: не болып жаты | Тіл кеспек жоқ

Полиция департаментінің алдындағы екі күн аштық: не болып жатыр?

Тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай мен партия жақтастары екі күн бойы Алматыдағы полиция департаментінің алдында түнеп, аштық жариялады. Олар белсенді Абзал Достияровты босатуды талап етіп жатыр.

Не болып жатыр?

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі "Демпартияның" жеті өкілінің аштық жариялап жатқанын хабарлады. Олар ғимараттың сол жағындағы темір күркенің астында түнеген. Полиция өкілдері оларға шараның "заңсыз" екенін ескерткен. Полиция ғимаратының алдын арнайы жасақтың бірнеше өкілі күзетіп тұрды. Наразылар «талаптарымыз орындалмайынша, бұл жерден кетпейміз» дейді.

Абзал Достияров деген кім?

6 шілде Демпартия митиңінде бұзақылық жасады деп 6 тәулікке қамалған белсенді. Ол дүйсенбі бостандыққа шығуы керек болған. Десе де, сол күні кешке митиңге қатысқаны үшін тағы 15 тәулікке жапқан. Адвокаты Жанар Балғабаеваның сөзінше, уақытша қамау изоляторында Достияровқа "қысым жасалған". Сондай-ақ оны ұстап әкетпек болғанда, соққыға жығылып, екі рет жедел жәрдем шақыртқан. Достияров та «полицияның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіріп», аштық жариялаған.