Get Mystery Box with random crypto!

14 жасар қызды зорлаған молда 20 жылға сотталды Айыпталушы Қ | Тіл кеспек жоқ

14 жасар қызды зорлаған молда 20 жылға сотталды

Айыпталушы Қарағанды облысындағы мешітте молда. Ол былтыр үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, жасөспірімді зорлаған. Кейін тағы да 3 рет зорлаған. Қазір жасөспірімнің аяғы ауыр.

40 жастағы молда кінәсін жартылай мойындады. Оның адвокаты жазасын жеңілдетуге тырысқан. Бірақ сотта оның айыбы дәлелденіп, 20 жылға сотталды.

Сотта «Үкім әлі заңды енгізілген жоқ. Бірақ қылмыстық кодексте мұндай қылмыс үшін 20 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар айыпталушының 3-топ мүгедек екені және бұрын сотталмағаны, жәбірленушінің пікірі де ескерілді» делінген.

Сондай-ақ, ол өзің имам екенін айтқан, бірақ ресми дін басшылары оның мүфтиятқа қатысын теріске шығарды.