Get Mystery Box with random crypto!

LinkedIn әлеуметтік желісі неге бұғатталды? Ақпарат және қоға | Тіл кеспек жоқ

LinkedIn әлеуметтік желісі неге бұғатталды?

Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігінің мәліметінше, бұл желіде заңбұзушылық тіркелген. Интернет-казино жарнамасы мен жалған парақшалар анықталған.

Министрлік сайтқа ескерту жолдаған, бірақ Linkedin әкімшілігі ешқандай шара қабылдамаған.

Сондай-ақ ведомство хабарламасында «Егер Linkedin желісі заң бұзу деректерін жойса, қайтадан қолдануға беріледі» делінген.

Жалпы LinkedIn — бұл іскерлік қарым-қатынасқа, жұмыс табуға арналған әлеуметтік желі.