Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында санитария талаптарын сақтамаған мектептерг | Тіл кеспек жоқ

Түркістан облысында санитария талаптарын сақтамаған мектептерге 232 млн теңге айыппұл салынды

2021-2022 оқу жылында 702 мектеп тексеруден өткен. Нәтижесі бойынша, мектептегі асхана мәзірі, оқу кестесін жоспарлау, таза ауыз су, жылу және жарықпен қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктер анықталған.

Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ардақ Берденнің сөзінше, жауапты тұлғаларға 614 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілді. Оның айтуынша, облыстағы апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілген.