Get Mystery Box with random crypto!

Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет Қа | Тіл кеспек жоқ

Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген. Бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, әкім әзірге тек сегіз станса ұсынатынын айтты. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады. Осы жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын керек, Алтай Көлгіновтің сөзінше, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы.