Get Mystery Box with random crypto!

Ішімдегі алай-дүлей күйімді өлең жеткізер ме еді? Қап! Осындай | tesik qaıyq

Ішімдегі алай-дүлей күйімді өлең жеткізер ме еді? Қап! Осындайда ақын болмағаныма қынжыламын. Оны білгенде, ақындарды көбірек оқушы едім.

Тау-тасқа сызат сала тұғын сөздермен де жеткізе алмаймын. Оны да білгенімде әдебиетті көбірек оқитын ба едім?

Көбіне ғылыми кітаптарды оқып, сол бағытта контент тұтынғандықтан, сөйлеуім, жазуым да, техникалық тіл.

Бозон Хиггсты түсінетініммен, “парниковый эффектің” көмірқышқыл газдан тұратынын біреуге түсіндіріп бере алатынымнан не пайда? Адами тілмен ішімдегіні жеткізе алмасам. Адами тілмен қандай да бір сезімімді білдіре алмасам. Жалпы не пайда, адамша ойлап, адамша өмір сүре алмасам?