Get Mystery Box with random crypto!

Оу, щет! Өзімді сондай опасыз адам сезініп тұрмын. Көрші дүкен | tesik qaıyq

Оу, щет! Өзімді сондай опасыз адам сезініп тұрмын. Көрші дүкенші апай, көзіне шөп салып қойғанымды біліп қойды.

Үйдің жанындағы магнумнан тамақ алуға шыққанмын, ақыры барған соң керекті заттарды да ала салдым. Содан үйдің тұсына келгенде нан алуды ұмытып кеткенімді ұқтым да, үй жанындағы дүкенге кірдім…

Мммм, әлгі көзқарасты айтпай-ақ қояйын. Жүрегімнің түнегіне кіріп, “опасыз” деп айқайлап, қайта шығып кеткендей болды. Енді ол дүкенге маған жол жоқ сияқты