Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбе облысында ер адам қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген. По | Tengri.kz

Ақтөбе облысында ер адам қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген.

Полицейлер әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады. Ол Ырғыз ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, кейін ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтірген.

Ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша соталды тергеу басталды.

http://t.me/tengri_kz