Get Mystery Box with random crypto!

Михаил Ломтадзе: «Сіздердің әрқайсыңызбен біргеміз!» Біздің с | Tenge Online

Михаил Ломтадзе: «Сіздердің әрқайсыңызбен біргеміз!»

Біздің сүйікті клиенттер,
Әр сағаттың әр минутының әр секундында біз «Қазақстандықтар мен Қазақстан үшін жақсы болса - Kaspi.kz үшін де жақсы» деген принципті басшылыққа аламыз. Қазіргі таңда бұл принцип бұрынғыдан да өзекті және жүрегімізге жақын. Біз 4 қаланың құқық қорғау органдарына көшедегі шолғыншылық жұмыс үшін 9 брондалған инкассаторлық көлік бердік. Біздің қызметкерлер азаматтық жасақшыларының қатарына қосылуда. Біздің команда тәулік бойы жұмыс істеуде және біз әрқайсыңызбен бірге еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтіруге бар күшімізбен тырысудамыз.

Біздің бар ынтасымен жұмыс істеп жатқан команданың жұмысы туралы қысқаша айтуға рұқсат етіңіздер:

1. Kaspi.kz қосымшасы. Байқағандарыңыздай біздің сервистердің Қазақстандағы қолжетімділігі жақсара түсті. Тіпті интернет жоқ кезде «Аударым», «Төлемдер», «Kaspi Travel», «Менің Банкім» және «Мемлекеттік қызметтер» сынды сервистер жұмыс істеп тұр. Бұл Цифрландыру министрлігі және байланыс операторларымен тығыз серіктестіктің нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекеттік органдарға жедел жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Бізге қатысы жоқ себептермен қосымшаны шетелде қолдануда қиындықтар бар. Біз бұл бағытта да Цифрландыру министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз және жақын уақытта шешеміз деп үміттенеміз.

2. Банкоматтар. Біздің қазіргі міндет - техникалық және басқа да мүмкіндіктер бар жерлерде банкоматтарды барынша толтыру. Бұл біз үшін өте маңызды бағыт! Егер кеше біз барлығы 24 банкоматқа қызмет көрсетсек, бүгін 6 есе көп - 12 қалада 140 банкомат.
Біздің барша сүйікті клиенттерімізге банкоматтарға кезек тәртібін сақтағаны үшін жеке алғыс айтқымыз келеді. Біз кезектегілердің барлығына ақша жетуі үшін қазақстандықтардың өзара тәртіпті реттеп отырғанын көріп отырмыз. Қазақстандықтардың патриоттығы мен бір-бірін қолдауына қарап кеудемізді мақтаныш сезімі билейді!

3. Бөлімшелер. Біз қауіп жоқ жерлерде бүлінген бөлімшелерімізді қалпына келтіруді бастадық. Әзірше терезелерді жұқа тақтайшамен жауып, жақын уақытта толық жөндеу жұмыстарына кірісеміз. Қазір тонаушылар зақым келтірген бөлімшелерді тезірек ретке келтіру үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алудамыз.

4. Kaspi Travel сервисі арқылы сатып алынған әуебилеттерін қайтару. Біз сүйікті клиенттерімізден билетті қайтару туралы 10 000-нан астам өтінім алдық. Өкінішке қарай тұрақты интернет болмауына байланысты әуекомпаниялары жедел есеп-айырысу жүргізе алмайды. Біз қазіргі жағдайда жалғыз дұрыс шешім қабылдадық - барлық әуе компанияларының билет құнын өз есебімізден қайтарамыз. Жақын арада қаражат шоттарыңызға түседі.
Біздің шешімді қолдаған Air Astana және FlyArystan басшылығына жеке алғыс айтамыз!

5. Біз сондай-ақ бүгін Kaspi.kz қосымшасының бас бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жаңалықтарды СМС арқылы жеткізу тұрақсыз жұмыс істеп тұр, сондықтан ел азаматтарына елдегі жағдай туралы мемлекеттік органдардан сенімді ақпаратты алуға көмектескіміз келеді.

Сүйікті қазақстандықтар біз сіздермен біргеміз!

Сіздің Михаил және Kaspi.kz командасы