Get Mystery Box with random crypto!

«Қаңтар оқиғасы» кезінде қаржы ұйымдары қанша шығын шекті? Оқ | Tenge Online

«Қаңтар оқиғасы» кезінде қаржы ұйымдары қанша шығын шекті?

Оқиға кезінде қаржы саласындағы 86 субьект зардап шеккен.
Банктердің жалпы шығыны шамамен 4,1 миллиард теңгені құрайды. Оның 1,6 миллиарды ұрланған, бүлінген банкоматқа тиеселі. Бүлінген банкоматтардан 507 млн теңге ұрланған. 871 млн теңгенің техникасы бүлінген. Бөлімшелерді қирату, тонаудан келген шығын 757 млн теңге. Жалпы шығынның 99% Алматы қаласына тиеселі.

Ал микронесие ұйымдарының шығыны 653 млн теңге, оның 348 млны алматыдағы МКО-ларға тиеселі.

@TengeOnline