Get Mystery Box with random crypto!

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде қаржылық сауаты төмен | Tenge Online

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде қаржылық сауаты төмен адам қайдан жүр?

Мәжіліс депутаты, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Ирина Смирнова Хабар24 арнасына сұхбат беріп отырып «Пандемия кезінде біздің Kaspi Bank, Ломтадзе $1 млрд байыды. Ол оны қайдан алды? Біздің кедей халықтан алғаны түсінікті», деп лақ еткізді.

Ирина Владимирқызына, ой Ирина Владимировнаға түсіндірейік, пандемия кезінде Kaspi-дің капиталы $5-тен $25 млрд өсті. Сәйкесінше акционерлерінің табысы $1 млрд. Алайда ол қолма-қол ақша емес. Акциялық табыс. Банктің капиталы халықтан алған ақша көлеміне байланысты емес, оның акциясының құнының жоғарылауына байланысты өседі. Егер акция құны жоғарыласа демек әлемдік деңгейдегі инвесторлардың аталған банкке сенімі жоғары. Kaspi-дің қаржы саласындағы инновациялық өнімдері мен қызметтері әлемдік деңгейде мойындалғаны.

Депутат ханымнан хайп пен арзан популизмнің орнына қаржылық сауатты мәлімдемелер күткен едік. Сіз эмоциямен, аузыңызға келгенін айта беретін асүйде отырған адам емессіз. Білдей бір депутатсыз, оның ішінде қаржы және бюджет комитетінің мүшесісіз, сонымен қатар Қазақстан халқына көмектесу үшін құрылған, қазір 12,5 млрд теңге жиналған, оның ішінде 10 миллиардын сіз айтып отырған Kaspi берген қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесісіз. Бірақ, неге сонша қаржылық сауатыңыз төмен? Бұл мәлімдемеңіз алдымен депутаттар корпусының, сізді қорға таңдаған адамдардың беделіне нұсқан келтіріп отыр. Мүмкін мандатыңызды тапсырып, қордағы орныңызды қаржылық сауаты жоғары, арзан хайп пен популизмнен гөрі шын мәнінде пайдалы мәлімдемелер жасайтын адамға берерсіз? Сіз кетсеңіз ешкім ештеме жоғалтпайды.

@TengeOnline