Get Mystery Box with random crypto!

Теңгенің нығаюына әсер еткен не? Бүгін қор биржасындағы сау | Tenge Online

Теңгенің нығаюына әсер еткен не?

Бүгін қор биржасындағы сауда-саттық теңгенің құны нығайып, 1$/430 деңгейінен түсті. Қазір 428,70-429,20 аралығында саудалануда, орташа алғанда кешегі сауда-саттықтың орташа бағамынан 2,2 теңгеге нығайды.

Бұған не әсер етті? ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған
Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниялары коронавирустан вакцинаны әзірлеудегі жетістіктері туралы жаңалықтар әлемдік қор нарықтарына жақсы әсер еткен.

Дүйсенбіде Brent маркалы мұнай бағасы жұма күнгі жабумен салыстырғанда $42,4 дейін рекордтық 7,5%-ға өсті. Сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір баррель үшін 43,48-ға долларға жетті немесе 10%-ға өсті.

АҚШ-тың негізгі қор индекстері де аптаны өсумен ашқан. S&P500 ауқымды нарық индексі 1,2%-ға, ал Dow Jones 2,9%-ға өсіп, тарихи рекордтарды жаңартты. Жапонияның Nikkei индексі 25100-ден астам тармақ деңгейіне дейін өсті. Бұған АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы мен COVID-19-ға қарсы вакцинаның сәтті сынақтары туралы жаңалықтар әсер еткен.

Бұл дамушы елдердің валюталарына да әсер етіп, түрік лирасы – 5,3%-ға, Оңтүстік Африка ранды және Ресей рублі – 1,4%-ға, Мексика песосы – 1,3%-ға, Индонезия рупиясы – 1,0%-ға өсті. Қазақстандың теңге құнының қор нарығындағы сауда-саттықты өсіммен бастауының да басты себебі осы.

@Tengeonline