Get Mystery Box with random crypto!

Биыл ломбардтар мен шағын несие ұйымдарының заңсыз әрекеттерін | Tenge Online

Биыл ломбардтар мен шағын несие ұйымдарының заңсыз әрекеттерінен 17 мың адам зардап шеккен

Қазақстанның Бас прокуратурасы елдегі қаржы пирамидаларының көпшіліг ломбард түрінде жұмыс істегенін анықтаған. Мұндай ұйымдар пайызды көтеріп, жасырын комиссиялар қойған.

Астана телеарнасына сұхбат берген Бас прокуратураның бөлім басшысы Мақсат Орақбаев ломбардтарға қатысты 910 әкімшілік іс қозғалғанын, мұның аясында хаттама негізінде 70 млн теңгеден астам айыппұл салғанын, мұндай қарыз берушілердің кесірінен қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылғанын айтады.
Прокуратураның тексеруінен кейін мұның тек 130 млн теңгесі ғана қайтарылған.

Адамдардың сенгіштігі мен жылдам байып кетсем деген ойын пирамидалар жақсы пайдаланады.

Ешқашан қаржы қызметін ұсынатын компанияларға аз ақша салып үстеме пайызбен ақша, пәтер, көлік аламын, деген ой болмасын. Бұл үшін несиені тіпті алмаңыз. Әншілердің, шоу-бизнес өкілдерінің жарнамасына сенбеңіз.

@Tengeonline