Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqsha Jaz, Qazaq Grammar, Kazak Buuble. Жастардың қазақ тіл | Сөз:

Qazaqsha Jaz, Qazaq Grammar, Kazak Buuble. Жастардың қазақ тілін дамыту жолындағы тың бастамалары

Былтыр Қазақстанда қазақ тілді тұтынушының құқығын қорғайтын ерекше қозғалыс пайда болды. Жас белсенділерден құрылған @QazaqshaJaz - "Қазақша жаз" қозғалысы түрлі компаниялар, кафе-мейрамхана, дүкендердің желідегі парақшаларына хат, пікір жазып сыпайы түрде қазақша ақпарат, меню сұрайды. Қозғалыс белсенділері бұл әдісті "тербеу" деп атайды. "Тербеудің" бірнеше ережесі бар: тек заң аясында әрекет ету, сыпайы болу және балағат сөз жазбау.

– Қозғалысты бастаған белсенділердің бәрі зорлық-зомбылықсыз орта құруға тырысып жүрген адамдар. Сондықтан әуел бастан-ақ агрессив әдіс қолданбаймыз деп шештік. Біз мысалы, компания парақшасындағы бір постың астына "Саламатсыз ба, дүкеніңізге жиі баратын едім. Өнімдеріңіз қатты ұнайды. Егер парақшаңызға қазақша ақпарат қоссаңыздар, маған тіпті ыңғайлы болар еді. Рақмет!" деген сынды пікір қалдырамыз. Соның арқасында бизнеспен дос болуға тырыстық. Олар да біз құқықтарымыздан артық ештеңе талап етпейтінімізді түсінді, – дейді қозғалыс бастамашыларының бірі Әлия Сари.