Get Mystery Box with random crypto!

Мата атаулары | 3-бөлім --- 1. БАРШЫН, ҚАМҚА Парча Олардың ү | Сөз:

Мата атаулары | 3-бөлім

---
1. БАРШЫН, ҚАМҚА
Парча

Олардың үстінде атлас, торғын, жолақ баршын көрпелер.
Т.Жармағамбетов, Екі жүрек

Басындағы шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі қос етекті көйлегі де, белін қынай киген қамқа ішігі де өзгеше.
І.Есенберлин, Көшпенділер: Алмас қылыш

---
2. ДОҚАБА, ҚЫЖЫМ
Плюш

Сайлардың бетегелі бұлымдары бір жері тақыр, бір жері ашаң, жасыл тозған доқабадай.
Ш.Мұртаза, 41-жылғы келіншек

Аздап күте тұруға тура келді. Әлден уақытта іштен үстінде қара қыжым қамзолы бар кәрі шешей шықты.
С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла

---
3. САҢ, БӨЗ
Бязь

Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
Абай, Ескілік киімі

Иніші жыртылған көйлектер, тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей.
Х.Есенжанов, Тар кезең

---
4. ШІЛТЕР
Кружева

Көрпе-төсекке малындырып, шілтерлі ақ жапқан.
Ә.Нұрпейісов, Күткен күн

---
5. ҰШТАП
Штоф

Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді.
Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл

---
6. ШҰҒА
Драп

Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген.
М.Әуезов, Абай жолы: 2 том

---
7. КЕНЕП
Мешковина

Вагонның біреуінде, үстіңгі орында киімсымақ бірдемелерді астыма төсеп, кенеп дорбамды басыма жастап, шалқамнан түсіп жатырмын.
Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді