Get Mystery Box with random crypto!

Осы біздің әредікте кей нәрселерге көңіліміз толмай, кіжініп ж | Сөз:

Осы біздің әредікте кей нәрселерге көңіліміз толмай, кіжініп жүретіміз бар: "жолдарды қашан жөндейді осы?", "автобуспен адам емес, көмір тасығандай жүреді, түге" деген сияқты сөздермен кейіп те жатамыз. Бірақ көбінше сөз күйінде қалып, "ой, қойшы, оларға жазып босқа әуреге қаласың" деп қоямыз тағы. Өзім де сондаймын.

Бірақ, былтыр неге екені есімде жоқ, әйтеуір метромен көбірек жүргендіктен, сол жақтағы бүкіл ақпарат орысша жазылғаны көзіме түсті. Ол кезде де "осы біздің адамдарда намыс жоқ па" деп қойып, сонымен бір іс тындырғандай, қабағымды түйіп жүрдім өзінше. Деп жүргенде кім біледі көрдім ба, естіп қалдым ба, әйтеуір "open almaty-ға жазып көрейінші" деген зәуде бір ой келді. Сөйтіп, былтырдан бері мына жерде анау жоқ, ана жерде мынау жоқ деп жаза бастадым. Суреттерде нәтижелері.

Айтпағым, сөйтіп (әншейін емес, әлбетте, заңға сілтеме жасап, дұрыстап түсіндіріп) жазса ол жоғалып кетпей, оған кәдімгідей жауап беріп, жасау керек затты да жасайды. Тез емес әрине, әлі де сол бюрократиялық анау-мынаулар бар, бірақ әйтеуір бір жасалады.

Демек, болмашы көрінсе де, егер сондай уақ заттарға көңіл бөліп, соларды түзеуге әрекет ететін болсақ, қоғам да, адам да түзеліп қалар. Сондықтан, құлаққа алтын сырға! :)

OpenAlmaty-ның бір жарнамасы секілденіп тұр, білем, бірақ "жақсының жақсылығын айт" демекші сол кісілерге бір алғысым болсын деген де ниетім бар. КГП "Метрополитен" да сөзді аяқ асты етпей, істегендеріне алғыс.

Осы жерге дейін оқып жеткендерге көп рақмет! :)

P.S. Дареджани-де қазақша мәзірі бар екен, сұрау керек бірақ. Басқа жерлерде де сұрап көру керек.