Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Әлей (әлейім) сын есім / үстеу 1. Ғажап, керемет; 2. Қат | Сөз:

Сөз: Әлей (әлейім)
сын есім / үстеу

1. Ғажап, керемет; 2. Қатты, зор, көп.
-
1. Удивительный(о), дивный(о); 2. Сильно, очень.

Әлей болсын! — "сізге де соны тілеймін" мағынасындағы тілек (пожелание в значений "и вам того же").
-
1. Бір мезгілде куатымды әбден жиып, жүрегімді тоқтатып алып батырды тік көтеріп алып, жерге қойып келіп жіберіп, кеудесіне мініп алдым. Өзіме-өзім сүйсінуім әлей болды.
(М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)

2. Қара көктің үйіріне де қызығуым әлей еді, бірақ мен қара айғырдың үйірін-ақ алайын.
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке)

3. Неге үндемей тұр өзі?!.. Мылқау біреу емес пе?» деп ойлаған Ғалия, кім де болса тіл қатқысы кеп:
— Жолыңыз болсын! — деді еңкейген бойын жазып.
Әлей болсын! — деді Балуан дауысын әдейі өзгерте сөйлеп...
(С.Мұқанов, Балуан Шолақ)

4. Ол мына қауырт етек алып бара жатқан әлейім жарыстың байыбына бара алмай, қайран қалып тұр.
(Б.Соқпақбаев, Өзім туралы)

Дереккөз 1; Дереккөз 2