Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Өбектеу етістік 1. Жаны қалмау, асты-үстіне түсу, әлпешт | Сөз:

Сөз: Өбектеу
етістік

1. Жаны қалмау, асты-үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
-
1. Проявлять чрезмерную заботу, окружать вниманием; 2. Угождать, заискивать.
-
1. Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
(Махамбет, Арғымақтан туған қазанат)

2. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп, қамшыланып асыға жүріседі.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

3. Өзегім от боп күйгенмен,
Өбектеп мені кім сүйсін?
(М.Мақатаев, Өзіме)

4. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да , ел қарасына ілесуге жарады.
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр)

Дереккөз 1; Дереккөз 2