Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Кенде сын есім 1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз. - 1. | Сөз:

Сөз: Кенде
сын есім

1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз.
-
1. Недостаточный, нужда; 2. Мало, меньше.
-
1. — Әй, шырағым-ай, ата кәсіп аздырып-тоздырып болды ғой. Осы дүниеде кім қор, кім кенде? Дәл сол қалың қазақ баласы ғой...
(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

2. Күн көрсетпей не қылдық? Ішкеннен, жегеннен кенде болдың ба? Ішінде арамдығың бар ғой, бәлең бар ғой.
(Ж.Аймауытов, Қанапия-Шәрбану)

3. Мен деген - ырза, мәз бала 
Сәби қалпымнан қозғама. 
Молынан маған бермеген 
Бермесе қойсын кенде емен.
(М.Мақатаев, Мен деген - ырза, мәз бала)

4. Ішім пысты, жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кенде қаппын, жаңа ұқтым,
Не болса соған аяңдап.
(Қ.Аманжолов, Ішім пысты. Жалықтым)

Дереккөз 1; Дереккөз 2