Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-12-29 07:41:08
Конституциялық сотқа Эльвира Әзімова жетекшілік етеді

Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

49 жастағы Әзімова 2019 жылдың қыркүйегінен бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қазақстанда биыл омбудсменнің өкілетін арттырып, аймақтардан өкілдігін ашуға мүмкіндік беретін заң қабылданған.
680 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-12-28 09:56:09 Бас санитария дәрігері қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, эпидемиялық маусым басталғалы, яғни 1 қазаннан бері Қазақстанда 2,2 миллион жіті респираторлық вирустық инфекциялар және 2 284 тұмау жағдайы тіркелген, аурудың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен.

Бас санитария дәрігері Қазақстан халқына балаларды адам көп жиналатын жерлерге апармауды сұрап үндеу жолдады.
872 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 10:03:44 Жаңалықтар pinned a video
07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 13:54:40 Ақшаңызды үнемдеңіз!

Келесі жылдан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтердің бағасы көтеріледі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Министрдің айтуынша, коммуналдық тарифтердің бағасы көтеру мәселесінде қазақстандықтардың әлеуметтік мәселесі мен төлем қабілеті ескеріледі.

«Тарифті көтеру мәселесін қоғаммен талқылаймыз. Мұнда әлеуметтік мәселелерді назарға аламыз», – деді министр.
217 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 09:53:05 Жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседі.

қаңтардан бастап жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы көлемі артады.

-
Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.

-Жәрдемақы айырылған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.

-Төлем тағайындау тәртібі сақталады: бұл қызметті eGov.kz порталында және enbek.kz арқылы алуға болады.

-2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылардың саны 101 мың адамға жеткен.
160 views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 12:12:19 Жасы 50-ден асқан адамдарды жұмысқа алған компанияларға субсидия беріледі.

- 1 қаңтардан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидия мөлшері ұлғайтылады.

Субсидия мөлшері:

- жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
741 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 18:03:29
Желіде «Арқанкерген» шекара заставасында әріптестерін қырғынға ұшыратқаны үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах істі қайта ашуды сұрап, президент Тоқаевқа жүгінгені туралы хабар тарады. Айтуынша, жалғыз куә бола отырып, ол 2012 жылдың мамырында «шынында» болған оқиғаны түсіндіруге дайын.
183 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-19 10:55:09 Әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды. Бастапқы жарна қажет емес

Өтініштер жыл соңына дейін ғана қабылданады.

19 желтоқсанда елімізде әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау бастады.

2022 жылдың соңына дейін созылатын науқанның басты ерекшелігі – бастапқы жарна талап етілмейді. Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.

Бағдарламаның өзге де шарттары:

Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.
105 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-12-18 15:11:16
Журналист Михаил Козачковты АФМ қызметкерлері ұстағанын хабарлады. Мәліметтер нақтыланып жатыр, ақпарат тексерілуде.

«Уақыт» басылымы ұсталған тұралы ақпаратты білмейді екен.
625 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 18:39:27
Қазақтар жүрмейтін жер жоқ
248 views15:39
Ашу / Түсініктеме