Get Mystery Box with random crypto!

Әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды. Бастапқы жарна қ | Жаңалықтар 🇰🇿

Әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды. Бастапқы жарна қажет емес

Өтініштер жыл соңына дейін ғана қабылданады.

19 желтоқсанда елімізде әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау бастады.

2022 жылдың соңына дейін созылатын науқанның басты ерекшелігі – бастапқы жарна талап етілмейді. Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.

Бағдарламаның өзге де шарттары:

Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.